Дара және күрделі бастауыштар Есімшеніқ жалақ өзінен ғана болган бастауыштарды есімшеден болган дара бастауыштар, құрамында есімшеден басқа да сөздері бар күрделі бастауыштарды есімшенің қатысуы арқылы жасалган күрделі бастауыштар деп екіге бөліп қараймыз. Соңғысын құрамындағы басқа сөздер атымен атамай, есімшенің атымен атауымыздың, яғни есімшелердің қатысуы арқылы жасалған күрделі бастауыш деп атауымыздың себебі, мұндай сөз тіркестерінде басты рөльді есімше атқарады, онық белсенді элементі болады. Демек, ондай сөз тіркестерінің бастауыш болуының өзі есімшенің синтаксистік қызметінсіз мүмкін емес.
Баяндауыш Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің қатарына жатады. Ол, көбінесе, жіктік жалғауында тұрады. Баяндауыш, негізінде, бастауышпен жақтық және жекеше, көптік жағынан қиыса айтылады. Солай болғандықтан да жіктік жалғауды баяндауыштық көрсеткіш деуге де болады.
Қазақ тілінде баяндауыш барлық сөз табынан жасала береді.
Зат есімнен болған баяндауыштар: қарттың аты — Амантай (Мұқанов), Осы — Тереңсайдың тұсы (Әуезов).
Қазақ тілінде зат есімнен болған дара баяндауыш I—II жақта жіктік жалғауын қабылдайды: Мен жазушымын. Сен жазушысың. Ол жазушы. Сын есімнен болған баяндауыштар: Абайдың түсі терең(Әуезов). Бұл балаға абайлап қарасам, сонша есті бала кескінді (Ыбырай).
Сан есімнен болған баяндауыштар: Кореяның территориясы — 220 мың квадрат киллометр («Соң. қаз.»).
Есімдіктен болған баяндауыштар: Сен — кімсің? Оның жасы қаншада? Баяндауыш қызметін жиі атқаратын, негізінен алғанда, сұраулық есімдіктер.
Баяндауыш рөлінде жиі қолданылатын сөз табы — етістіктер және оның есімше, көсемше тұлғалары: Рахмет біраз отырды (Ерубаев). Арада жеті-сегіз күн өтті (Әуезов). Ол вокзалға қарай кеткен. Дара және күрделі баяндауыштар Жеке бір сөзден болған баяндауышты дара баяндауыш деп атаймыз: Аспанды бұлт торлады. Жел басылды. Жарқ-жұрқ шақпақ шағылды. Көп ұзамай жауын басылды. Бірнеше сөзден құралып, бірақ ұғымды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз. Олар бірақ сұрауға жауап береді. Күрделі баяндауыштың құрамында ең кемі екі сөз болады: Парторг Иванов о й ланып қ а лд ы (Нүрпейісов). Айжан оған Айбаладан кем болған жоқ (Мүқанов). Ауылымыз бұл арадан он-он бес километр (Бақбергенов).