Тақырып Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі Негізгі ұғымдар


Тақырып 4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері



бет9/11
Дата02.06.2023
өлшемі35,53 Kb.
#97891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырып Синтаксис туралы жалпы т сінік, синтаксисті зерттелуі..

Тақырып 4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлем, ең алдымен, тұрлаулы мүшелердің грамматикалық және мағыналық қатынасы (предикативтік байланыс) арқылы құралады да, айтылар ойдың аумақ көлеміне, сипатына сәйкес күрделеніп отырады. Сөйлем екі бас мүшеден ғана қүралып қоймай, басқа да сөздермен мүшелермен толығып, құрамы кеңейеді. Мұндай мүшелер мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да сол екі тұрлаулы мүшенің айналасына топталып, соларға қатысты болады, солар арқылы ғана хабарланар ой құрамындағы мағыналық элемент бола алады.
Сөйлем мүшелерін басты екі топқа бөліп қарау тек логикалық негізге ғана сүйенбей, грамматикалық заңдылықтарды да еске алады. Сөйлем мүшелерін тұрлаулы және тұрлаусыз деп бөлу, ең алдымен, сөйлем қүрамындағы сөздердің өз ара синтаксистік байланыс характеріне сүйенеді. Егер сөйлем құраушы екі бас мүше — бастауыш пен баяндауыш өз ара қиысу арқылы (сандық және жақтық) байланысатын болса, тұрлаусыз мүшелердің бас мүшелермен, не өз ара байланысу тәсілдері мен байланыс түрлері бұдан тіпті өзгеше. Бұлардың (тұрлаусыз мүшелердің) бас мүшелермен, не өз ара байланысуы септік жалғаулары, орын тәртібі арқылы көрінеді. Соған орай, олардың байланыс түрлері қабысу, меңгеру, матасу болып келеді» Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрап, негізгі хабарланар ойды білдірсе, тұрлаусыз мүшелердің бір тобы баяндауыштың мағынасын түсіндіруші (пысықтауыш, толықтауыш), енді бірі бастауыштың мағынасын саралаушы (анықтауыш, бірақ бұл кейде есімнен болған басқа мүшеге де қатысты болады) есебінде ғана жұмсалып, сөйлем құрамында екінші дәрежелі қызмет атқарады.
Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелерді үш түрлі негізгі топқа — анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышқа бөлу ертеден қалыптасқан қағида,
Анықтауыш
Анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да, соған қатысты болады. Мысалы: Сәлделі кісі ернін анда-санда бір қимылдатып үзақ отырып, жұрттың қары талган, кезде алақандарын маймитып әкеп бетін сипады (Мұқанов). Анықтауыштық мән мағынасыңда сол анықталатын сөзбен бір тіркесте қарастырғанда ғана анық байқалады. Соның салдарынан, анықтауыш пен анықталатын сөз сөйлеуде де бір әуенмен, бір гана ритмикалық топта ғана айтылады. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесінің мұндай тығыз бірлігі кейде сөйлеу практикасында олардың күрделі сөзге айналып, қалыптасуына да негіз болатын тәрізді. Жарқабақ, қарагаш тәрізді біріккен сөздер мен Көктің көлі, Иіркөл, Талдъщорган тәрізді жерсу аттары, әрине, о баста анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесі болганына сөз жоқ. Дегенмен, осы ізбен анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесін бөліпжаруға келмейтін бір ғана лексикаграмматикалық единиңа деуге болмайды. қазіргі қазақ тіліндегі анықтауыштар сөйлем қүрамында лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар элемент ретінде өзіне лайық синтаксистік функцияны атқарады.
Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер — сын есімдер. Жарау, жатаған, қарагер ат пен қарак биені жетегіне алып Нұрыш келеді (Әлімқүлов). Сонымен бірге, сан есімдер де осы қызметте лайық: Атсойылы, дайын отырған Бөкенші табынан жүз жігітті жүз боз атқа мінгізіп жіберіп, дәл күн батарда Жігітекке аттандырды (Әуезов).
Бұлардан басқа, анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдіктер, етістіктік есімге жақын топтары (есімшелер мен қимыл есімдері),, т. б. сөздер де қолданылады. Бірақ ондай сөздер сөйлем, сөз тіркесі құрамындағы тұрған орыны, не арнаулы грамматикалық тұлға аркылы өздерінің бұрынғы мәнінен ажырап, сын сапалық, тәндік мәнге ие болғанда гана анықтауыш бола алады. қараш пен Елеусіз қиыршың жолмен шоңыта тасырлата жөнелді ...Нұрша самарқау оянды да, алақанын шырағданның сәулесіне тосып қалқалап қарады (Әлімқүлов). Саған кез-келген адам шешіліп сырын айта бермейді. Ертеңнен кешке дейін... босқын халың ағылуда (Ахтанов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет