Мақсат пысықтауыш Мақсат пысықтауыш іс-қимылдың арналған мақсатын, көздеген ойын білдіреді.
Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын арнайы сөздер әдейі, әдейілеп, арнайы, жорта, қасақана тәрізді мақсат мәнді үстеулер. Кейде ешбір тұспал сөз, тілек, сылтау Әйгерім жағынан тумаса да, Абай үншіл жүйрік домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын (Әуезов). Ол қасақана қырыс сөйледі. Мақсат пысықтауыш қызметін атқаратындар тұлғалы көсемшелер. Ғалы көсемшелері сөйлем құрамында, негізінен, екі түрлі мәнде (мақсаттық және мезгілдік мәндерде) ғана қолданылады. Соның ішінде, мақсатты білдіруі — бұл көсемшелердің басты мағынасы болса керек. Ал, мезгілді білдіруі — тіркесетін сөздің ықпалымен синтаксистік қоршауға байланысты беретін мағынасы. Мен оның кескінін көргелі қанша үңілсем де, қарауытып кеткен жүзіне, бетіне батып кеткендей көзіне жарық дұрыстап бір түспей қойды (Мүсірепов).
Мөлшер пысықтауыш Мөлшер пысықтауыш іс-қимылдық мезгілдік созылу, көлемдік таралу мөлшерін, немесе істің қайталану дәрежесін, істі істеуге объектілердің қатыс дәрежесін білдіреді.
Мөлшер пысықтауыш қызметінде ұзақ, қысқа сын есімдері мен көп, аз модаль сөздері, тегіс, жаппай, онша, сонша, бірен-саран, ондай, екеулеп, аз-аздан, азғантай, азды-көпті, едәуір, бастан аяқ, талай, бірталай, түгел, бірқыдыру, біртіндеп тәрізді сан мөлшерлік мәндегі үстеулер, сан есімдер және сан есімдер мен зат есімдер тіркесі, т. б. жұмсалады. Ұмытып барады екем: шайды мен шешеме еріп недәуір іштім ...Әрқайсысына жүздеп жылқы, мыңдап қой бітеді (Мұқанов). Біздің өзбек халқы өмір бойы су ішінде жүреді (Мүсірепов). Ол туралы Дәркембай қысқаа айтты (Әуезов).