Тақырып Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі Негізгі ұғымдар


Тақырып 2. Сөз тiркесiнiң сипаттамасы



бет2/11
Дата02.06.2023
өлшемі35,53 Kb.
#97891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырып Синтаксис туралы жалпы т сінік, синтаксисті зерттелуі..

Тақырып 2. Сөз тiркесiнiң сипаттамасы.
Жоспары:1.Сөз тiркесi. Сөз және сөз тiркесi. Сөз тiркесiнiң құрамы. Сөз тiркесiнiң құрылысы. Сөздердiң тiркесу қабiлеттiлiгi.
Тіл — қарым-қатынас жасаудың мықты құралы. Сол қызметін атқаруда ол жеке формалардан құралған, жалпыға ортақ жеке сөздерге негізделген сөйлеу тәсілдерін керек етеді. Сондай ойды айтудың (сөйлеудің) ең басты тәсілі — сөйлем.
Кісі сөйлем арқылы біршама аяқталған ойын айтуға жеке сөздерді қатынастырады. Сөздер адамдардың айналасындағы объективті шындықты тануының сана-сезіміне түскен сәулесі ретінде сөйлем құраудың материалы, ойлау процесінің тірегі болып есептеледі. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін өзара әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады да, белгілі қарым-қатынасқа енеді.
Лексикалық мағыналары әр алуан негізгі сөздер ғана сөз тіркестерін құрай алады да, көмекші сөздер тек негізгі сөздердің жетегінде айтылып сөз тіркесінің құрамына енеді. Сөздер, әдетте, дараланған ұғымдарды, лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді. Олар сөйлем ішінде мағыналық үйлесімдіктеріне қарай, тілдің синтаксистік байланыс тәсілдері арқылы әр қилы синтаксистік топ құрап тұрады. Сөздер тіркеске енбесе, сөйлем құраудың материалы бола алмайды. Сондықтан сөз бен сөздің тіркеске енуі — олардың ең басты грамматикалық қасиеттерінің бірі болып есептеледі.
Өзара тіркесетін сөздердің сапасы әр түрлі болатындықтан, олардан құралатын сөз топтарының да сапасы әр алуан болады: екі (кейде одан да көп) сөз тіркесінен кейде лексикалық (боз торғай, темір жолшы, жер май), кейде синтаксистік тіркес жасалады. Синтаксистік тіркестің екі түрі бар: негізгі сөз бен көмекші сөздер тіркесіп, бір-бірінің грамматикалық мағынасын толықтырады (мыс.: үйге таман, есіктің алды, оқи бастады, оқып кетіп бара жатыр еді), ал толық мағыналы екі сөз тіркесіп, жаңа грамматикалық мағына пайда болады (мыс.: ашық аспан, кең жайлау, бригадирдің көмегі, жолдасына көмектесу).
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөздер өз ара тіркесу арқылы сөйлем құрамына енеді. Сондықтан сөз тіркестері — сөйлем құраудың шоғырланған материалдары. Мысалы: бұл өзеннің маңы өмірі малдан арылған емес деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар. 1. Бұл өзен; 2. Өзеннің маңы арылған емес; 3. Өмірі арылған емес; 4. Малдан арылған емес. Сөз тіркестерін осылай сөйлемнен бөліп алып, оқшау тұрған қалпында қарастырсақ, жалаң сөздердің жайылмаға айналуы тәрізді де, сөйлем ішінде — ұласқан ойды білдіретін сөздер тізбегінің бір бунағы тәрізді. Екеуінің жігі екі түрлі болып та кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет