Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері
Мақал-мәтелдерді аудару
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің айырмашылықтары
Тақырып №56. Аударма кезіндегі тіркес мәселелері
Мазмұны:
Аударма кезіндегі тіркестер туралы түсінік
Зат есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері
Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін тілде мынандай тәсілдер жұмсалады:
1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулар)
2. Шылаулар (жалғаулық, септеулік)
3. Сөздердің орын тәртібі
4. Интонация
Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу .
Зат есімді сөз тіркестері:
Зат есімді тіркестер негізінен үш формада—қабысу, меңгеру, матасу арқылы кұралады: қол сағат(қабысу), колхозға мүше (меңгеру), балтаның сабы (матасу)
Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері:
«Зат есім — зат есім» типті сөз тіркестері
Қабыса байланысқан зат есімді тіркестердің ішінде өнімді жұмсалатындарының бірі — екі зат есімнен (зат есім — зат есім болып) құралатыны: қол орамал, ағаш күрек. Бұл құрамдағы сөз тіркестер анықтауыштық қатынасты білдіреді.
Анықтауыштық деп грамматикалық қатынасты жалпы белгісіне (қандай? деген сұраққа жауап болып, заттың сынын білдіруіне) қарай атаймыз. Іштей оларды былай даралауға болатын сияқты:
Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың мате-
риалын атап анықтайды: ағаш қасық, тас жол, темір жол,
түлкі тымақ.
Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді неге арналғанын
атап анықтайды: қой ферма, мойын ағаш, көлік күш.
Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді мекенін атап, орын
жайын атап анықтайды: көл бақа, ауыз үй, тау ешкі,
төс қалта.
Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді кәсіп, жыныс, жас
мөлшерін атап анықтайды: сушы жігіт, ұл бала, әйел
кісі.
Басыңқы сөз жалпы атау болып, бағыныңқы сөз
оның түрлік тобын атап анықтайды: тоты құс, қайың
ағаш, қанар қап.
Бұл тіркестердің қызметі — түр атауын жалпы атауға теліп, оның жалпыға қатысын білдіру.
6. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді ұқсастық белгісіне
қарай анықтайды: теке сақал, қой көз, пісте мұрын.
Бұл қатынастағы тіркестер көркем сөзде, поэтикалық туындыларда кеп ұшырайды: су жүрек, без бүйрек, тас бауыр.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
7. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді өлшем, көлем жа-
ғынан анықтайды: қора қой, топ адам.
Айта кететін бір жай—бұл тіркестерде анықтауыш-тық компонент ретінде мөлшер мағыналы зат есімнің дара қатысуы өте сирек. Зат есім сөздер сан есімдермен бірігіп бір анықтауыш компонент құрайды немесе сөз ретінде қатынасады: екі шөміш қымыз, екі машина бидай, тау-тау астық т. т.
«Зат есім — зат есім» түрінде келген сөз тіркестері мүмкіншілігі, перспективасы тұрғысынан қарағанда, белгілі мағыналық қатысына қарай қай зат есім болса да қатыстырып құрала береді. Бірақ тіліміздің әр кезеңінде, тіпті осы күнгі синхрондық күйінде де әр стильде бұл типтегі тіркестерге сөздердің қатысуының, өлшеулі нормалық, дәстүрлік қалпы бар екені байқалады.
Көп қыз-келіншек нөкерімен… Қарагөз келе жатыр (М. Ә.) Тау жақ жолмен жүрдік.
Аталған сөйлемдердегі қыз-келіншек нөкерімен, тау жақ жолмен деген тіркестер ауызекі сөйлеу тілінің сөзді жинақы, үнемді құрау талабынан туған. Бұлар жазбаша тілде көп қыз-келіншектен ерген нөкерімен, тау жақтағы жолмен түрінде құралған болар еді.
Екі зат есімнің қабысуы арқылы құралған сөз тіркестері — көнеден келе жатқан, тіліміздің грамматикалық жүйесіне икемділік беретін тіркестер, сондықтан бұлар тілімізде мол жұмсалады.
Кейбір еңбектерде атрибутивтік тіркестерге анықтауыш сөз ретінде зат есім сөздің кіруін былай түсіндіреді. Атрибутивтік қатынастағы тіркестер үнді-еуропа тілдерінде бағыныңқы компонент ретінде сын есім сөздердің қатысуы арқылы құрылады. Атрибутивтік қызмет ол тілдерде тек белгілі ғана морфологиялық базаға — сын есім сөздерге сүйенеді: железная дорога, чайная ложка.
Ал түркі тілдеріндегі атрибутивтіктің базасының кең болуы — зат есімдер мен сын есім сөздердің грамматикалық сипаты жағынан түгел сараланып шықпауының салдары. Түркі тілдерінде зат есім сөздер әлі де синкреттік күйінен түгел ажырамаған. Осы сапасы арқылы ол сөздер әлі де анықтаушы компонент ретінде сөз тіркесіне қатысып жүр дейді. Шындығына келгенде, қазақ тілінде зат есім мен сын есім грамматикалық тұрпаты жағынан анық дараланған. Зат есім сездердің атрибутивтік тіркесуге қатысуы тіліміздің синтаксистік заңдылығына сүйенеді және бұндай заңдылық көп тілдерде бар.
«Зат есім — зат есім» тіпті тіркестер қазақ тілінде атауыш сөз туғызу үшін көп жұмсалады: без бүйрек, иін ағаш, темір ұста.
Осыған орай газет тілінде жиі ұшырап жүрген мынадай жайды ескертіп кетейік. Ертеден қой қора, қой ферма, жүн мата деген атауыш сөздер бар болатын. Осы атаулар газеттерде соңғы кезеңдерде қой қорасы, қой фермасы, жүн матасы болып айтылып (жазылып) жүр. Осымен бірге жүк машинасы, газ құбыры, су құбыры (жүк машина, газ құбыр, су құбыр емес) деген сияқты атаулар да көп ұшырайды. Осында айтайын дегеніміз дәстүрлі, әрі атауыш сөз құрауға жатық, оңтайлы тіркесті шеткері шығарып, оған сенімсіз қарап байланысы морфологиялық тұлға арқылы көрінетін тіркес түріне ауысқанымыз дұрыс па? Тіліміздің ертеден келе жатқан тәжірибесіне қарасақ, (атау септіктегі зат есім—тәуелдеулі зат есім) типті тіркестерден атау сөз құрау жоқ емес: отағасы (от ағасы), киік оты, ат бегі, ауа райы.
Бірақ ертеректе, ауызекі сөйлеу формасы басым кезде бұл тәрізді тіркестерден құрылған атаулар санаулы-ақ болатын. Атау формадағы зат есімдердің қабыса бай-ланысқан сөз тіркестерінің атауыш сөз жасау үшін ерекше талғануына себептер бар. Тұлғасы ықшам сөздерден құрылғандықтан бұл тіркестер айтуға оңтайлы, бір атау ретінде танылуға оңай. Осы тіркестердің көбінен біріккен сөздер дамып шыққан: белбеу, қолғап, шекара, т. т.
Бұл тіркестер бір түбір тұлғалы лексема ретінде түрленуге оңай түседі: жүк машинаға тиеді. Қой қораны ертеден дайындады. Бұларға қарағанда жүк машинасын, қой қорасын дегендер көп шұбалаңқы көрінеді. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды — қол сағат, жан қалта, төс қалтатәрізді сөз жасау тәсілдерін тілдің ұтымды, қалыпты амалы деп санап, оны шегеруден сақтануымыз керек.
Атау тұлғалы зат есімдердің қабысуы арқылы кұрылған сөз тіркестері туралы соңғы айтарымыз — тіркеске енген компоненттер арасына сөз түсірмейді, орын қатынасы өте берік, тығыз.
Достарыңызбен бөлісу: |