Өзін-өзі тексеругеарналған сұрақтар 1. Жазбаша аударма дегеніміз не?
2. Аударма түрінің неше негізгі түрі бар?
3. Көркем аударма қалай бөлінеді?
4. Көркем аудармаға нелер жатады?
5. Ауызша аудармадан жазбаша аударманың айырмашылығы неде?
Тақырып 58/59. Ауызша аударманың ережесі Мазмұны: Ауызша аударма
Ауызша аударма түрлері
Ауызша аударманың ережесі
Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
Синхрондық аударма дегеніміз – аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспе аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.
Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады.
Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл –күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор.
Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы «екі жақты аударманы» орындайды.
Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз – ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты.
Ауызша аударма теориясы аудармашының басқа да қасиеттерін оқытып үйретеді. Оған жай артикуляция, хезитатциондық үзіліске байланысты, аудармада жаңылысу, бұл интервалдың ұлғаюына әкеліп соғады, сондай-ақ айтылатын сөзге қатысты үзіліс кіреді. Синхрондық аудармада аудармашы жоғары темппен сөйлейді. Ілеспелі аудармада сөйлеу темпі біртіндеп баяулай бастайды, себебі аудармашы түпнұсқаның мазмұнын есіне түсіреді. Ауызша аудармада ең басты назар аудармашылардан нормативтік талаптарына аударылады. Мұндай талаптар синхрондық және ілеспелі аудармада аса қажет: нақты артикуляцияны қамтамасыз ету, ритмнің біркелкілігі, акцентті дұрыс қою, соңғы айтылған ойдың дұрыс әрі түсінікті берілуі.
Ауызша аударманың орталық аспектісіне аударманың ерекше түрі ретінде жазбаша аудармаға қарама-қарсы қою. Арнайы ауызша аударма теориясы сандық және сапалық ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.
Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты. Синхрондық аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді.
Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.
Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу.
Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге болады. Мысалы аудармашы мына сұрақты толықтай аударды дейік: Бұл жоспар қай кезде жүзеге асырылады? Ол мынадай жауап қайтаруы керек: Бұл жоспардың жүзеге асырылуы 1990 жылдан басталады, мұнда аудармашы қысқаша «тоқсаныншы» деп аударуына болады.
Аудармада ақпаратты қысқарту уақыттық өрісті сипаттайды. Ол оратордың сөйлеу темпі мен түпнұсқа тілімен аударылатын тілдің сәйкестіліктеріне тәуелді. Ауызша аударма теориясы сөзді қысқарту арқылы екі тілдің құрамын, және семантикалық қайта құрылуын сипаттайды. Ең тиімді сөздің қысқартуларға сөйлемнің ең қысқа сөзбен айтылатын синонимдік алмастырулар, мұнда әсіресе мекемелер немесе кәсіпорындардың толық атаулары, аббревиатурамен немесе қысқаша айтылады. (The United Nations-БҰҰ), зат есімнің қатысуымен жасалған етістік (to render assistance –көмектесу) сөз тіркесінде қосымша элементтерді түсіру (the policy pursued by the United States – АҚШ саясаты) және т.б. Оратордың жылдам темпімен айтылған мәтін аудармашы түрлі қысқарту тәсілдерін қолдана оырып мәтінді жазбаша аудармаға қарағанда 25-30% дейін қысқарта алады.
Ауызша аударманың басты бөлігі – аудармада баламалықты оқытып-үйрету. Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін. Осыған орай тастап кетуге мыналар жатады: 1) эпитеттегі мағынасыз сөздерді тастап кету; 2) мәтіндегі басты және үлкен бірліктерді тастап кету, бұл аудармашының мәтіннің бөлігін түсінбеуінен туындайды; 3) аудармада мәтінді қайтакезіндегі тастап кету; 4) оратордың сөзінен қалып қою кезіндегі тастап кетулер.
Сонымен қатар аудармада қате мынадай түрлерге бөлінеді: жеке сөзді аударудағы үлкен қателік; сөйлемнің құрамын өзгерту барысындағы қателік және сөйлемнің құрамын өзгертудегі үлкен қателік және т.б.
Айтылған аударманың 2 түрлі классификациясы бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді. Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса қиын міндет болып табылады.