Тақырыптар бойынша


Іскерлік байланыс ұйымдардың иерархиялық құрылымына байланысты арнайы ортада жүзеге асады



бет3/3
Дата15.11.2022
өлшемі18,41 Kb.
#50252
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
4781337164 tapsyrma

Іскерлік байланыс ұйымдардың иерархиялық құрылымына байланысты арнайы ортада жүзеге асады. Иерархиялық пирамиданың деңгейлерінде қайта байланыс пен толық жəне нақты ақпарат беру сияқты тиімділік мəселелері туындайды. Кейбір ақпараттарға сүйенсек жоғарғы басқарушы жақтан келген ақпараттың 20-25 пайызы ғана оны орындаушыларға жетеді екен. Мұның себебі бір жағынан ақпараттың бұзылуы, екінші жағынан өнеркəсіп саласында болып жатқан іс жөнінде басшылардың жұмысшыларды толық ақпараттандырмау тілегінен болады. Қызметтік-іскерлік коммуникацияның мұндай ерекшеліктерін ескеру үшін қаулыларды, шешімдерді жазбаша бекіту қажет жəне оған жауап қатуды іскерлік байланыстың тиімділігін жақсартудың негізгң құралы деп түсіну қажет.

  • Іскерлік қарым-қатынасқа қатысушылардың соңғы нəтижеге жету үшін бір-бірлерімен байланыстығы. Іскерлік қарым-қатынаста адам нақты тұлға жəне мекеме атынан өкіл ретінде қатысады, яғни, нақты кəсіби жəне ролдік функция атқарады. Іс-əрекет кезінде немесе адамның өз ойы мен мінез-құлық мəнері топтық нормалармен сəйкес келмесе конфликт орын алуы мүмкін.

  • Коллектив мүшелерінің бірлескен іс-əрекет шарты ретінде сəйкестігі мен бірлесе істесуі. Бірлесе іс-əрекет жасағанда жеке таным процесстері динамикасын реттеудің арнайы механизмдері, мəселені шешудің бірлескен стратегиялары, топқа тəн іс-əрекет мəнері қалыптасуы мүмкін. Жеке қабілеттер алмасу, өз мақсаттарын мен қабілеттерінді, ойларынды, ісəрекеттерінде басқа тұлғаның іс-əрекеттерімен, мақсаттарымен сəйкестендіру орын алады.

    Іскерлік қарым-қатынастың табиғаты мен негізгі ерекшеліктері болып төмендегі ережелер немесе шарттар есептеледі:

    • этикет нормасы (құрмет, тең құқықтылық, тұлғаның жетістіктерін бағалау, ілтипат көрсету, сөйлеу мəнері)

    • регламенттілік (коммуникация өтіп жатқан аумақтың ұлттық-мəдениет дəстүрлерімен анықталған белгіленген ережелер мен заңдарға бағыну жəне берілген кəсіби ортада белгіленген кəсіби этикалық принциптер, уақыт нормасы)

    • коммуникация жасау саласындағы терминдер мен кəсіби тілді жетік білу жəне оны меңгеру

    • коммуникацияға қатысушылардың түр-əлпеті (визуалды байланыс, тұлғаның əлеуметтік жағдайы, жеке мінез-құлқы, өзіндік бағалауы )

    • коммуникация барысында оған қатысушылардың мақсаттары мен құқықтары (конфликт мəселесін болдырмау мақсатында, оларды көндіру)

    • іскерлік қарым-қатынас жазбаша жəне ауызша түрлерінде де өзінің жоғары дəрежелі конвенционалдығымен, яғни, белгілі бір қатаң тəртіпке, ережелермен нормаларға сүйенуіне тура келеді

    • іскерлік қарым-қатынастың ресми немесе формалды қалыпта болуы, яғни, тұлғаның коммуникативті құзырлығы

    • іскерлік қарым-қатынаста оған қатысушылардың ролдік мақсатын қатаң сақтау.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет