Тақырыптың өзектілігі негізгі бөлім


Мен оқушылардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар қажет деп санаймын



бет11/12
Дата06.01.2022
өлшемі329,5 Kb.
#13416
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ғылыми жоба Ком ойындардың зияны

Мен оқушылардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар қажет деп санаймын:

1. компьютерлік ойындарды ойнауды, азайтып, шаршауды болдырмау үшін көзге арналған жаттығулар (офтальмотренаж) жасау қажет.

2. Жұмыс орны ыңғайлы,оқушы жасына сай реттелген сапалы бағдарламаларды қолдану қажет.

3. Қамтамасыз ету бағдарламасында арнайы бағдарлама болуын, сергіту сәтін, динамикалық үзіліс жасау кестесін құру керек.

4. Компьютермен жұмыс нормасын міндетті түрде сақталуын оқушыларға қажеттендіру.

Осы жұмыс нәтижелері зерттелген проблемаларды толық ашуға бәсекелеспейді. Сондықтан осы бағытта ары қарай оқу мен зерттеу өткізу қажет.




ҚОРЫТЫНДЫ
Мектептегі оқушылардың компьютерлік ойындарды ойнау дәрежесін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Осы сауалнама нәтижесінде оқушылардың сана-сезімінің қаншалықты шетелдік ойндармен уланып жатқанын аңғаруға болады. Қойылған сұрақтар нәтижесінде мектеп оқушылары 40 % компьютерлік ойындарды ойнайды. Сонда қай уақытта сабақ оқиды? Балалар ата-аналарының бақылауында бола ма? Сондықтан да қазақстанның болашақ ұрпағы, компьютерді мұндай ойындарға емес, білім жағынан қолдана білу керек. Зорлық-зомбылықты және мейірімсіздікті насихаттауда «GTA », « Pastal » және осы секілді компьютерлік ойындар ерекше алаңдаушылық тудыруда, олардың әркелкі сюжеті өрт құшағындағы адамды, соққыға жығылған жүргіншіні сүреттейді және басқа да жантүршігерлік сюжетті алға тартады. «Генералдар» - бүгінгі күнгі танымал компьютерлік ойын, ол АҚШ, Қытай және ГАО – ның террористік құрылымдарын сипаттайды. Оқиға Қазақстанға ауысып, шетелдік армия Байқоңырға шабуыл жасайды, су қоймасын қопарады, нысанаға Қазақстанның астанасы түседі.

Бейнеойындар рыногын реттеуде Орал, Алматы, Астана қалаларында оң тәжірибе қалыптасқан, мысалы, балаларға арналған компьютерлік ойын ойнаудың тәртібі жасалған, онда балалар аса қатыгез ойындарға жіберілмейді. Көптеген елдерде компьютерлік ойындарға жас мөлшеріне қарай шектеу қойылған. Қытайда Сети оиындарына шектеу бар, Ресейде тұтынушы пайдаланатын ойында ескерту көрсетілген. Атап айтқанда, ойын барысында психикалық аурумен ауыратындар ойынға еліктеп, ауруын қоздырып алатыны ескертілген. АҚШ-та ойынды сату барысында рейтинг қарастырылған , мысалы, « М » тобының өнімі, тек үлкендерге арналған ойындар жасы кәмелетке толмағандарға сатылмайды. Сол сияқты осындай шараларды қолданып, осы тақырыптарға сынып сағаттарын өткізіп, теледидарға жарнамалар беріп және компьютерлік ойындарды қолдана білуді қамтамасыз етеміз.

Сондықтан да балалар ата-аналарының бақылауында болып, ұстаздар тарапынан жаңа технологиялардың пайдасы қанша көп болса да, зияны да соншалықты көп екенін әрқашан түсіндіре отыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет