Тайга қылқан жапырақты ормандар


Жалпақжапырақты ормандар фаунасының ерекшеліктері



бет10/11
Дата08.02.2023
өлшемі14,06 Mb.
#66329
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жалпақжапырақты ормандар фаунасының ерекшеліктері
1. Омыртқасыздардың, рептилия мен амфибиялардың қоңыржай белдемде (әсіресе, топырақ төсенішінде) өте көп болуы.
2. Жер беті жануарларының біршама тығыз орналасуы (бұғылар, жабайы шошқалар, т.б.), құстардың көп болуы.
3. Тайгалық түрлердің (қоңыр аюдың) санының күрт азая бастауы,
4. Экожүйедегі қоректік тізбектер біршама алуантүрлі: энергия ағыны продуценттерден топырақ төсеніші мен ағаштар қабығындағы омыртқасыздарға, ал олардан құстар мен сүтқоректілерге өтеді.
б) Жалпақжапырақты ормандар оробиомы

Жалпақжапырақты ормандар зонобиомы аумағында оробиомдардың белдеулік типтері бойынша алуандық аз болғанымен құрылысы бойынша күрделі. Жалпақжапырақты ормандардың жоғарғы жағында аралас ормандар, сосын таулы қылқанжапырақты ормандар орналасады. Солтүстік жарты шардағы ормандардың төменгі жағындағы белдеулерде шалғындар үстемдік жасаса, оңтүстік жарты шарда – оробиомдардың сирек орманды және шалғындық типі тән. Аймақтар оробиомдары арасында жазғы және қысқы жауын-шашынның мөлшері бойынша да айырмашылықтар бар.


1. Қыс кезіндегі жауын-шашынның ең көп мөлшері кезінде, мысалы Батыс Европада еменді, шамшатты және грабовые ормандар беткейлерде жоғары қарай қарағайлы, шыршалы, жапырақты ормандарға, аршаларға ауысады. Ормандар шекарасының жоғарғы жағында шалғындар орналасады.

Германиядағя шамшатты орман
2. Жаз кезіндегі жауын-шашынның ең көп мөлшері кезінде, мысалы Жапонияның солтүстігінде төменнен жоғары қарай белдеулер былай орналасады: алдымен еменді, шамшатты (буковые), қарағашты (вязовые), үйеңкілі (кленовые), самырсынды (пихтовые), балқарағайлы (лиственничные), аласалау келетін ағаш-бұталарда бамбук аралас шыршалы ормандар (ели с бамбуком в подлеске);
800 м-ден аса биіктікте – бамбук аралас шыршалы-самырсынды орман;
2000 м-ден жоғары – тасты-қайыңды ормандар, қандыағашты (ольха) сирек ормандар, рододендрон нулары, ол таудың ұшар басында шалғын аралас таулы тундра орналасқан.



Биомасса. Жалпақжапырақты ормандарда биомасса гектарына жылына 120 центнерге тең, ал фитомасса (жербеті және жерасты) гектарына 400 тоннаға дейін барады, яғни бореалды ормандармен салыстырғанда 2 есе көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет