Тайга қылқан жапырақты ормандар


Биомасса. Солтүстік тайганың



бет7/11
Дата08.02.2023
өлшемі14,06 Mb.
#66329
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
6 daris ormandar

Биомасса. Солтүстік тайганың фитомассасы жылына 50-150 тонна/гектарды құрайды. Орталық тайга мен аралас ормандарда 150-400 т/га-ны құрайды. Фитомассаның жылдық өсімі 40-80 ц/га-ға, ал аралас ормандарда 80-100 ц/га-ға тең. Фитомассаның жылдық өсімі жыл бойына түсетін ылғалға және климаттың континенталдық деңгейіне байланысты. Мысалы, фитомассаның өсімі Батыс Сібірдің орталық тайгаларында жылына – 50 ц, ал Приморье мен Канадада – 80-100 центнерді құрайды.


Биоресурстары
1. Негізгі ресурс – ағаштар болып табылады. Евразияның бореалдық ормандарындағы ағаш қоры 62 млрд. м3-ға, ал майдажапырақты ормандарда – 10 млрд. м3-ға тең. Канадада ағаш қоры 24 млрд. м, ал АҚШ-та - 13 млрд. м3-ға тең. 
2. Маңызы жағынан екінші орындағы ресурс – балықтар (омуль, бычки, кета, горбуша, семга). Айта кетерлігі көптеген ауланатын балық түрлерінің қоры азайып жатыр.
3. Саңырауқұлақтар мен жидектер – бұл да маңызды ресурстар. Мысалы, Солтүстік Америкада мүкжидек (клюква) мемлекетке үлкен пайда алып келеді.
4. Аңшылық ресурстар – құстар мен аң терілері.
5. Фармакологияда пайдаланатын дәрілік өсімдіктер.





Животные тайги (1 — лось; 2 — кабарга;
3 — бурый медведь; 4 — рысь; 5 — соболь;
6 — бурундук; 7 — глухарь; 8 — клест)


Бореалды ормандардың аймақтық ерекшеліктері
1. Ресейдің Европалық бөлігінде аралас ормандар зона тармағы шығысқа қарай жіңішкеріп (климаттың континенталдығы артады), Орал тауларына дейін барады да, тек Қиыр Шығыста пайда болады.
2. Қиыр Шығыста тайгаға жақын (қылқан жапырақтылар мен амур жүзімі (жабайы жүзім), аралия, чубушник (жасмин садовый) және басқа да ағаштар мен бұталармен аралас) жөке ағаштарының нулары кездеседі.



3. Канаданың аралас ормандарында көптеген шыршалармен (сұр, Энгельман), самырсын, балқарағай, қарағаймен бірге көктеректер, теректер және көптеген бұталар (алхоры, канада рододендроны) кездеседі.



4. Солтүстік Американың Тынықмұхиттық жағалауындағы жылы және ылғалды ормандарында алып ағаш ормандары (жалған тсуга (70 м-ге дейін), алып туя (45 м-ге дейін), самырсын мен терек аралас) кездеседі.



5. Скандинавияның оңтүстігінде аралас ормандар біраз жерді алып жатыр. Мұнда европалық түрлер: кәдімгі емен, үйеңкілер өседі.


Қылқанжапырақты және жалпақжапырақты ағаштардың араласып өсуіне жазы жылы, қоңыржай қысы ұзақ емес ылғалды климат әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет