Биоресурстар. Жалпақжапырақты ормандардың биоресурстары бореалдық ормандармен салыстырғанда аздау. Мысалы, ТМД-да жалпақжапырақты ағаштарға ағаш қорының 2,5 млрд. м3 немесе жалпы ормандар қорының 3% келеді. АҚШ-тың жалпақжапырақты ормандарында бұл көрсеткіш 40%-ды құрайды. Аңшылық ресурстары да көп, алайда олар тез қысқарып жатыр.
Сұрақтар: 1. Қылқан жапырақты ормандар зонобиомы. 1. Қылқанжапырақты ормандар зонобиомының жалпы сипаттамасы. 2. Қылқанжапырақты ормандардың экологиялық ерекшеліктері 3. Қылқанжапырақты ормандардың флорасы мен фаунасы 4. Солтүстік Америка мен Евразияның бореалды ормандары 5. Бореалды ормандардың аймақтық ерекшеліктері 6. Аралас ормандар зоноэкотонының жалпы сипаттамасы. 7. Жалпақжапырақты ормандар құрылымының ерекшеліктері 8. Бореалды, аралас және жалпақжапырақты ормандардың биомассалары мен биоресурстары