Бореалды ормандардың аймақтық ерекшеліктері
1. Батыс сібір тайгасы (Енисейге дейін) ормантүзуші бес ағаш түрлерінен құралған:
- сібір самырсыны (пихта сибирская),
- сібір шыршасы (ель сибирская),
- сібір балқарағайы (лиственница сибирская),
- сібір қарағайы (кедр сибирский),
- кәдімгі шырша (ель обыкновенная).
Қатты батпақты және өтуі қиын жерлер – орманды тайга (урманная тайга).
Сібір самырсыны Сібір шыршасы Сібір балқарағайы
Сібір қарағайы Кәдімгі шырша Орманды тайга
2. Орталық сібір тайгасы (Енисейден Лена өзеніне дейін). Доминат – Гмелин (Даур) балқарағайы. Батпақты жерлері аздау.
3. Камчатка тайгасы үшін қалың болып араласып өскен қайың, терек, рододендрон тән.
4. Приморье тайгасы үшін амур жүзімі, барқытты ағаш (пробковое дерево) және басқа да «маньчжурлық» түрлер тән. Ашық кеңістіктерде шалғындық өсімдіктер көп өседі.
5. Европалық бореалды ормандар қарағайлардан, европа және фин шыршаларынан құралған. Ағашты яруста бұлардан басқа да бұталы өсімдіктер: шетен (рябина), үйеңкі (клен), қандағаш (ольха), жөке (липа) және т.б. өседі. Бұл ормандар өте батпақты болуы мүмкін. Батпақ типтері әртүрлі: орманды тундрада – төмпешікті, Скандинавиялық-Карелдік аралды. Оңтүстікке жылжыған сайын батпақтануда рельеф негізгі роль атқарады.
Сонымен, тропикадан тыс жатқан Европада бореалдық ормандар үстемдік етеді. ТМД-да ормандардың 78%-ын (майдажапырақты ағаштармен бірге 95%) алып жатыр. Норвегияда территориясының 69%, Польшада - 83%, Швецияда - 85% алып жатыр.
1 – тундра және сирек ормандар зонасы,
2 – тайгалық зона:
2.1 – солтүстік тайга зона тармағы,
2.2 – орталық тайга зона тармағы,
2.3 – оңтүстік тайга зона тармағы.
Фауна. Биом аумағында топырақ ярусында мүшеаяқтылар (членистоногие) аз, өлген ағаштардың қабықтарында насекомдар көп. Омыртқалылардың тығыздығы үлкен емес. Бұғы, елік, түлкі, бұлғын (соболь), тиін және т.б. кездеседі. Сібір тайгасында марал, ала тышқан (бурундук), даур кірпісі кездеседі. Тұщы суларында балықтар көп: түрке балық (омуль), бычки, кета, құныс балығы (горбуша), ақсерке (семга) және т.б. Канада ормандарында америкалық бұлан (лось), карибу бұғысы (олень), орман бизоны кездеседі. Солтүстік Американың бореалды ормандарында жабайы қояндар, солтүстік және аққұйрық бұғылар, гризли, сілеусін (рысь), пума, жанат (енот), канада құндызы (бобр), ондатра тіршілік етеді.
Мүшеаяқтылар аз Бұлғын Ала тышқан
Даур кірпісі Түрке балық Кета
Құныс балық Ақсерке
Америкалық бұлан Карибу Бизондар
Сілеусін Пума Жанат Канада құндызы
Достарыңызбен бөлісу: |