Тайга қылқан жапырақты ормандар


Жалпақжапырақты ормандар құрылымының ерекшеліктері



бет9/11
Дата08.02.2023
өлшемі14,06 Mb.
#66329
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жалпақжапырақты ормандар құрылымының ерекшеліктері
1. Жалпақжапырақты ормандар көпярусты: Ресейдің еменді ормандарында 8 ярусқа дейін, АҚШ-та – 12 ярусқа дейін болады.
2. Бұл ормандар шөптесінді өсімдіктерге де бай.
3. Бореалды ормандармен салыстырғанда ағашты ярус биіктеу, 30 м биіктікке немесе одан да жоғары болады.
4. Мүктер аз кездеседі, қыналар жоқ.
5. Ормандар алмасу процестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Мысалы, ересек еменде 25 мыңға дейін жапырақ болады. Басқа жалпақжапырақты ағаштарда да солай. Сондықтан ассимиляция мен органикалық заттарды жинақтау үрдісі жоғары. Ағашты ярустардың жылдық ассимиляциясы жылына 20 мың тоннадан, ал сүректің (древесина – ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі) жылдық өсімі жылына 10 тоннадан асады. Ағаштардың максимальді өнімділігі 35-40 жаста байқалады да 80 жасқа дейін сақталады.




Топырағы. Бореалдық зонобиоммен салыстырғанда жауын-шашынның аздау болуына және жапырақ төсеніштерінің болуы топырақтың шайылуын болдырмайды. Сондықтан бореалдық ормандардағы күлді топырақтар сұр топырақтарға ауысады.


Жалпақжапырақты ормандардың аймақтық ерекшеліктері
1. Батыс Европада негізгі ормантүзуші түрлерге: шамшат (бук), талшын (каштан), емен (дуб), қызылқайың (граб), үйеңкі (клен, 25 түр), тұт ағашы, шегіршін (вяз), шаған (ясен) және т.б. жатады.
2. Шығыс Европада негізінен: кәдімгі емен (дуб черешчатый), жөке (липа), қызылқайың (граб), шамшат (бук), шаған (ясен), шаған (ясен), қара және сұр қандағаш (ольха), шегіршін (вяз), үйеңкі (клен) өседі.
3. Қиыр Шығыстамоңғол емені, үйеңкі, маньчжур шағаны, приморье шегіршіні, маньчжур жаңғағы және т.б. өседі.
4. Солтүстік Америкадакөптеген емен, шегіршін, үйеңкі түрлері, тюльпан ағашы, жаңғақтың бірнеше түрлері және т.б. өседі.
Басқа зонобиомның шекараларына жақын жалпақжапырақты ормандарда бореалды, далалы немесе субтропикалық түрлер көріне бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет