Таланттар



Pdf көрінісі
бет11/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

«Апа,  алтын  апам  менің!  Қош  болыңыз,  кіналамаңыз.  Мен, 
міне, осындай жағдайға душар болдым. Амал жоқ. Мағынасыз 
тәуекелге  бел  буып  отырмын.  Менің  қазамды  ешкімнен  көре 
көрмеңіз.  Бұған  ешкім  де  кінәлі  емес.  Ешкімді  қарғамаңыз  да, 
сөкпеңіз, апатайым. Қайтейін, мен осылай болдым. Ақ сүтіңізді 
өтей алмай кетіп барам. Кешіріңіз мені. Ерте кеттім демеймін. 
Бәрібір мен бұлай жүре алар емеспін. Тірі күйік болдым. 
Аялап,  әлпештеп  өсірдіңіз.  Қатарымнан  кем  қылмадыңыз. 
«Өлген артынан өлмек жоқ» деген. Мықты болыңыз. Сіздің әлі 
көретін  қызығыңыз  жетеді.  Қайғырмаңыз  маған.  Мен  адам 
түсінбейтін жан болдым. Мені шіріген жұмыртқа деп білерсіз. 
Апа, мен түсімде  әкемді көрдім. Өзгермеген, сол қалпы. Енді о 
дүниеде кездесермін әкеммен. Онда да жалғыз болмаспын. Қалай 
өсіріп, бағып-қаққаныңызды айтармын. Риза болар әкем де. Апа, 
тағы  айтамын.  Менің  өліміме  ешкім  де  кінәлі  емес,  өзім 
кінәлімін.  Мен  мағынасыз  өліммен  кетіп  барамын.  Сөге 
көрмеңіздер.  Сөкпеңіз  жаман  ініңізді,  тәтелерім,  бәрің  де  қош 
болыңыздар. Қарындасым Ғалия, сен оқуды жақсы оқы, апамды 
ренжітпе. Көке, сіз енді апамның сенерісіз. Жаман ініңіз, жалғыз 
ініңіз осылай болды, қош болыңыз. Сөкпеңіздер мені. 23 мамыр, 
1985 жыл». 
 


22 
 
Хатты  неше  қайтара  оқысақ  та,  байғұс  баланың  жарық 
дүниені  қиып,  өзі  айтқандай  «мағынасыз  сапарға»  тез  аттанып 
кету себебін аңғара алмадық. Жас бала әке өлімінен кейін өзіне 
тым  үлкен  жауапкершілік  артып,  азғантай  кемшілігін  де  орны 
толмас  өкінішке  айналдырудан,  жасына  лайық  емес  сол 
ауыртпалықтан  жүйкесі  тозды  ма  екен?  Оқушыны  тығырыққа 
алып  келген  жан  дүние  өзгерісінің  алғашқы  қайшылықтарын, 
баланың ойындағы шағын «трагедияларды» дер кезінде тарқатып 
жібергенде,  мұндай  жағдайға  жетпес  пе  еді  деген  өкініш  келді 
ойымызға. 
–    Баланың  бір  түрлі  болып  өзгеріп  жүргенін  мұғалімі 
байқамап па? – деген сұрағымызға анасы: 
– Мұғалімі ештеңе айтқан жоқ, – деп жауап берді. Оқушының 
мінез-құлқындағы өзгерістерді түсінуге бір табан жақын тұрған 
адам мұғалімі еді, ол кісімен сөйлесудің реті келмеді. 
Бұл оқиғаға соншалық мән беру себебім, өзіміздің студенттер 
арасында да есімнен шықпастай бір жағдай болған еді: 
С.  деген  студент  оқитын  топпен  жұмыс  істеген  кездерім 
ұстаздық  өмірімдегі  ең  бір  сәтсіз,  қиын  жылдар  болды.  Ол 
курстан талантты балалар да көп шықты, соған қарамастан, өзімді 
кінәлі адамдай сөзінемін. 
С.  бірінші  курста  жақсы,  талапты  студенттердің  қатарында 
еді.  Тыныш,  сабағын  оқып  жүретін.  Үшінші  курста 
жолыққанымызда, курстастары оның мінезінің өзгеріп кеткенін, 
жиналыста  жиі  сөз  алып,  әркіммен  бір  ілінісіп,  ауыр-ауыр  мін 
тағып  сөйлейтінін  айтты.  Оны  жамандыққа  жорыған 
ешқайсымыз  болған  жоқ.  Жеке  жағдайыма  байланысты,  тағы 
біраз  үзіліс  болып  кетті.  Сол  аралықта  Каблуков  көшесіндегі 
ауруханаға түскенін естіп, бірнеше кісі болып іздеп барып едік, 
рұқсат  беретін  бастығы  келмей,  көре  алмадық.  Келесі 
барғанымызда  шығарғалы  отыр  екен,  өзімізбен  бірге  алып 
қайттық. 
Бұрын  мұндай  ауруды  кім  көрген,  денесі  сау  да,  сөзі  мен 
мінезі бір түрлі. Қоғамды да, өзін де тығырыққа тіреп сөйлейді. 
Жұрттың  назарын  аудармайық  деп  трамвайдың  арт  жағына 


23 
 
топталып тұрып едік, жеткенше бір өзі сөйлеп келді. Жалғыз-ақ 
сескенгенім:  көзі  салқын  тартты  да  тұрды,  айналасындағы 
қуаныш, ренішті сезінбейтіндей. 
Баламыздың  ауруханадан  шыққанын  жазылғаны  екен  деп 
жүре бердік. Бір күні салынып жатқан құрылыстың тоғызыншы 
қабатынан көзін байлап құлағанда бір-ақ білдік жазылмағанын. 
Біздің  курстың  өміріндегі  адам  айтқысыз  ауыр  күндер  осы 
болды. Әсіресе ең бір алыс ауылдағы кәрі әкесі мен өзінен сәл-ақ 
үлкен  тәтесінің  жалғыз  сүйенішінің  жансыз  денесін  жөнелтіп 
тұрған  сәтті  көрер  көзім  көрмей-ақ  қойсашы.  «Бұл  бақытсыз 
баланы  ауруынан  алып  қалуға  болмас  па  еді?»  –  деген  сұрақ 
жанды қинады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет