Таланттар



Pdf көрінісі
бет13/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   256
логофобия  (сөйлеуден  қорқу)  дейді  екен.  Ондайда  ойын  басқа 
жаққа аударып жіберсе, қайтадан сөйлеп кете алады. 
Кейбір  бала  өзін  әділетсіз  жазалаған  мұғалімнің  алдында 
ешбір сұрағына жауап бермей, сағаттап үнсіз тұра береді. Сөйтіп 
жүріп бұйығылыққа, көңілсіздіктің тереңіне түсіп кетуі мүмкін. 
Мұндай  балалар  мейірімді  қарым-қатынасты,  уайымнан  ойын 
бөліп, көңілдендіретін жағдай жасауды керек етеді. 
Өзінен-өзі  уайымға  салынып,  қай-қайдағыны  ойлап,  іштей 
көп қайғыратын бала аутизм деген ауруға ұшырайтын көрінеді. 
Ол балаға шаршаған мұғалімнің намысқа тиетін сөз айтып ұрсуы, 
өзі  ұнатқан  қыздың  қарамай  қоюы,  біреудің  мазақтауы,  нашар 
баға  алуы,  өзінің  бет-әлпетіне  көңілі  толмауы,  әйтеуір  ұсақ-
түйектің бәрі қайғы болып көрінуі мүмкін. Баланың жан өзгерісін 
байқап, дер көзінде көмекке келмесе, сырқатқа ұшырайды. 
Енді  жасампаз баланың мінезіне келейік  (шизоидтік тип). 
Оның  барлық  сабаққа  бірдей  ықыласы  бола  бермейді.  Өзін 
қызықтыратын  сабақты ғана беріліп тыңдайды. Сылбыр, көбіне 
өз  ойымен  өзі  әуре.  Сабақты  сұрай  қалғанда,  тез  жауап  бере 
қоймай  күйдіреді.  Асықпай  ойлануға,  өз  көзқарасын  білдіруге 
мүмкіндік  берсе  ғана  ашылып  сөйлей  алады.  Киімін  тап-
тұйнақтай 
қылып 
жүруді 
қанша 
талап 
еткенмен, 
орындалмайтынына  сене  беріңіз.  Бірақ  оның  табиғатында  не 
өнерге, не ғылымға, тағы бірдемеге айрықша қабілеттілік болады. 
Дүниеге ұлы жаңалық әкелетіндер осындай баладан шығады. 
Ал мектепте баланың әлгіндей табиғи ерекшелігін ескермей, 
жан-жақтан  қамшылай  берсек,  не  болмақ?  Сабақта  тез  жауап 
беру,  барлық  пәнге  бірдей  ықыласты  болу,  ұқыпты  киіну 
дегендерің  басқа  оқушыға  жарамды  болғанмен,  бұл  баланың 
табиғатына  мүлдем  қарама-қайшы  талаптар.  Сөйтіп,  талантты 


25 
 
баланың  бір  бағыттағы  терең  ізденісіне  мүмкіндік  берудің 
орнына,  әрқайсымыз  бір  ұрсып,  жекумен  барлық  сенімінен 
айырмақпыз.  Мұғалімнің  айтқанына  сеніп,  өзінің  басқалардан 
төмен  екенін  мойындап,  іштей  уайымға  түсуден  жан  дүниесі 
ауытқуға ұшырауы мүмкін. 
Отбасында  дұрыс  тәрбие  алмай,  бетімен  өскен,  рухани 
жағынан  құрдастарынан  артта  қалып  қойған  балалардың 
мектептегі  жағдайы  тіпті  қиын.  Олардың  үй  іші  ұрыс-керіс, 
ішімдікке үйір. Осындай бір баланың аянышты халін айтайын: 
Өзі  көп  балалы  үйде  өскен.  Отбасында  тыныштық,  дұрыс 
тәрбие  жоқ.  Әкесі  балаларын,  әйелін  жөнсіз  ұрып-соғады. 
Шешесі  болса,  тірліктен  ешбір  рақат  көрмегеніне  ызаланып, 
наразылығын  баласынан  алады.  Баланың  өзі  15-16  жаста  болса 
да, ойлау, іздену қабілеті төменгі сатыда қалып қойған. Сабақты 
түсінбейді, сондықтан ықыласы жоқ. Екі жыл орнында отырып, 
өзінен  кіші  балалармен  оқығандықтан,  басқа  балалар  арасында 
беделден жұрдай. Мұғалімдер жағы да ұрсудан аянбағандықтан, 
оқушылар  да  мазақтаудан  қалыспайды.  Үйіндегі  жағдай  тағы 
белгілі. Тіпті екі арадағы қайшылықтың шегіне жеткені сондай, 
бір жолы оқушылар ешбір себепсіз жабылып ұрған (балалардың 
ерлік,  мықтылық  туралы  дұрыс  ұғымы  калыптаспағанда,  өз 
«мықтылығын» әлсізге күш көрсету аркылы дәлелдейді). Оқуға 
қабілеті,  ықыласы  жоқ  оқушыларды  кластан-класқа  күштеп 
сүйреп,  екі  жақтың  жүйкесін  тауысып,  баланың  намысын 
таптағанша,  негізгі  сауатын  ашқаннан  кейін  өзінің  шамасы 
келетін  жұмысқа  орналасуға  көмектеспейінше,  олардың  өмірі 
әлгіндей болмақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет