Таланттар



Pdf көрінісі
бет118/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

6 қазан 1995 жыл 
Бүгін  Айсұлу екеуміз тағы бір жаңалық аштық. Орыс тілін  
қазақ тілімен салыстыра оқытса, өте түсінікті болмақ екен. Оны 
мұғаліміміз  ескермепті.  Орыстың  мақалы  бар  ғой:  «Все  что 
делается,  делается  к  лучшему».  Мұғалімнің  болмай  қалғанын  
пайдаланып, «Атаулы сөйлем» деген  тақырыпты  үйреттік қой. 
«Назывные  предложенияны»  аса  ұға  алмай  отырған  балалар 
жайнап қоя берді. 
 
13 қазан 1995 жыл 
Адам баласының бойындағы, әсіресе еркектің бойындағы, ең 
жек  көретін қасиетім – қарақан басынан аса алмайтын пасықтық. 
«Жігіттің  жақсысы ел ағасы болар» деген қандай жақсы сөз! Бір 
қатын-баласы мен қазанның күйкі тірлігін ғана  ойлағанына мәз 
өресі  тарлар  көп  қой.  Олар  ел  қамын  ойлағанды  «ақымақ» 


240 
 
санайды. Әйел болсам да, сондайлардан жоғары  болғаныма көңіл 
тоқ. Олар мені қаншама ақылсыз санаса да, өзім шыққан рухани 
деңгейден түспейін деймін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет