Таланттар



Pdf көрінісі
бет159/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ТҰМАР ПАТШАЙЫМ 
 
–  Балам,  Сақ  елін  бір  заманда  Тұмар  деген  патша  әйел 
билеген.  Өзі  жауынгер  болыпты.  Ат  үстінде  қорықпай,  жауға 
қарсы  шауып,  қылыштасатын.  Әскерін  бастап,  елін  қорғайтын 
еді.  
Сол  кезде  сақ  даласын  басып  алғысы  келіп  қызыққан  талай 
патшалар болды. Соның бірі – Кир патша.  
Кир  патша  мол  әскерімен  баса  көктеп,  Сырдарияның 
жағасына дейін келеді. Сол жерде Тұмар патшайым қарсы тұрып, 
соғысады. 
Бір  күні  Тұмар  патшайымның  ұлы  соңындағы  жасағымен 
Кирдің қолына түсіп қалады. Тұмар Кир патшаға: 
– «Баламды босат та, еліңе қайт!» – дейді.  
Масаттанған Кир патша: 
– Сақтарды басып алмай, қайтпаймын! – деп күш көрсетеді. 
Тұмардың баласы намысқа шыдамай, өзін-өзі өлтіреді.  


293 
 
Баласының  Кир  қолында  қаза  тапқанына  қайғырып, 
намыстанған Тұмар патшайым:  
– Сақ даласын ешкім басып ала алмайды! – деген ұран тастап, 
бүкіл  әскерін  жиып  алады.  Неше  күн,  неше  түн  соғыстан  соң, 
Кирдің өзі қолға түседі.  
Тұмар патшайым:  
– Сенің аңсағаның ажал еді! Мен сені арманыңа жеткізейін! – 
депті.  Кирдің  басын  кесіп,  меске  салып,  дарияға  ағызып 
жіберіпті. Сөйтіп, сақ даласын жаудан сақтап қалыпты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет