Таланттар



Pdf көрінісі
бет162/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   256
 
 
ТҮРКІ ӘҢГІМЕЛЕРІ 
 
КӨК БӨРІ 
 
– Балам,  қазақ «бөрі» деп нені айтады, білесің бе? – деді әкесі 
Данабектен. Ол ойланып қалды. Айбегім бірден:  
–  «Бөрі» деп қасқырды айтқан, – деді.  
–  Дұрыс.  


296 
 
Баяғы сақтар кейін бір заманда «түркілер» атанады. Түркілер 
де  –  біздің  атамыз.    Сол  түркілер  кезінде  болған  бір  оқиғаны 
айтып берейін:  
Бір  жаугершілікте  түркілердің  бәрі  қырылады.  Жалғыз  ғана 
бала  жараланып,  шөптің  арасында  қалып  қояды.  Жарасы 
ауырады. Қарны  ашады. Жылап жатқанда, бір Көк Бөрі қасына 
келеді.  Баланы  иіскеп  көреді.  Тілімен  жалап,  жарасын  жазады. 
Емізеді.  
Бала өсіп, жігіт болады. Түркі Бек атанады. Себебі ол күшті, 
батыл  болып  өседі.  Түркі  Бектің  балалары  да  Көк  Бөріні 
анасындай  көріп  кетеді.  «Түркілер  Көк  Бөріден  тараған»  деген 
әңгіме содан қалған.  
Түркілер  бұрын  өз  байрағына  Көк  Бөрінің  суретін  салып 
қоятын.  
Жамбыл атаның ұстазы Сүйімбай былай дейді:  
 
 
 
Бөрілі менің байрағым,  
 
 
Бөрілі байрақ көрінсе,  
 
 
Қозады қай-қайдағым!  
 
Бұл өлеңді ести салып, Айбегім қайталап айтып берді. Жаттап 
алды. Данабек те айтты. Айбегім әкесінен сұрады:  
–  Сонда мен Көк Бөрі ұрпағымын ғой, ә!  
–  Иә, қызым, біз Көк Бөрі ұрпағымыз! – деді әкесі.   
 
          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет