Таланттар



Pdf көрінісі
бет168/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   256
СҰЛТАН БИБАРЫС 
 
Әкесі баласына:  
– Балам, «тұмар» деген сөздің мағынасын білесің бе?– деді.  
– Ол қандай болады ? 
– Өзі үшбұрышты, мойынға тағып жүреді.  
–  А,  а,  амулет  қой,  –  деді  бала.  Көрші  үйдегі  бір  ағаның 
мойнынан көрдім. Терімен қапталған.  
–  Иә,  «амулетті»  қазақ  «бойтұмар»  дейді.  Теріден  жасалған 
үшбұрышты кішкентай қапшықтың ішіне алыс сапарға шыққанда 
кепкен жусанды салып алатын болған.    
Бала:  
– Жусанды білемін. Иісі қандай тамаша!  
Әке: 
–  Жұпар  иісті  шөпті  “жусан”  дейді.  Ол  кең  далада  өседі. 
Жусан  алыстап  кеткен  адамды  шақырып,  сағындырып  тұрады. 
Мен  саған  Сұлтан  Бибарыстың  жусанды  қалай  сағынғанын 
айтайын: «Баяғы заманда қазақтың кең даласында Бибарыс деген 
кіп-кішкентай бала болыпты. Көзі оттай жайнаған, денесі шымыр 
екен.  Жаугершілік  кезінде  оны  соғысқан  бір  елдің  адамдары 
ұстап  алып,  ат  артына  мінгізіп  алып  кетеді.  Құл  қылып  сатып 
жібереді. Сөйтіп бүкіл өмірін араб елінде өткізеді. Тіпті қайдан 
келгенін де есіне түсіре алмайды.  
Сатылған  бала  өзі  теңдес  құлдардың  ішінде  ерекше  болып 
өседі. Ат үстінде шауып бара жатып, жердегі теңгені еңкейіп, оп-
оңай қағып алатын. Қылышын жарқылдатып, жаудан қорықпай 
соғысатын. Ақылына күші сай жігіт болады.  
Ол  өзінің  мықтылығының  арқасында,  әскербасы  дәрежесіне 
жетіп, одан бір күндері патша болады. Сұлтан Бибарыс атанады. 
Араб тілін жетік үйренеді.  
Бір  күні  Сұлтан  Бибарыс  қартайған  шағында  дала  кезіп, 
серуендеп  жүріп,  көзі  бір  түп  жусанға  түседі.  Жұлып  алып, 


305 
 
иіскейді.  Жусанның  жұпар  иісі  бой-бойына  тарап,  елжіретеді. 
Кенет,  көз  алдына  еміс-еміс  елес  болып  қалған  туған  жері 
елестейді.  Бір  ыстық  сағыныш  жүрегіне  толады.  Көзінен  жас 
парлайды.  Жусанды  екі  алақанына  қысып,  бетіне  басып  тұрып 
қалады. Аң-таң болған жанындағы қызметшісіне:  
– Мынау шөптен менің туған жерімнің иісі шығады, – дейді. 
Сөйтіп, әлгі бір уыс жусанды бойтұмарының ішіне салып алады. 
Елін сағынған сайын иіскеп, мауқын басады».  
Бұл дүниеде туған жердің жусанынан артық ештеңе жоқ.          
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет