Таланттар



Pdf көрінісі
бет170/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
САРАҢДЫҚ 
 
– Балам, баяғыда бір бай кісі болыпты. Оның үлкен бағы бар 
еді. Бақта алма, өрік, алша, шабдалы, тұт, жиде өсетін. Жемістері 
піскен кезде көрші  балаларды шақырып жинататын. Жартысын 
өзі алатын, қалған жартысын көршілеріне бөліп беретін. Сөйтіп, 
жемісі жылдан жылға бітік болатын. 
Бір күні бай қайтыс болады. Жемісті жинайтын уақыт келеді. 
Балалар ақылдасып: 
– Көршілерге жемістің жартысын бермесек, тіпті байыр едік. 
Биыл ешкімге көрсетпей, өзіміз жиып алайық, – деді. 
Түнде жасырынып бақтың ішіне кіріп, жинай бастайды. Сол 
кезде  аспаннан  найзағай  ойнап,  жай  түседі.  Жемістері  қап-қара 
болып күйіп кетеді. Бір дорба да жинай алмай қалады.  
Өздері  әбден  өкінеді.  Келесі  жылы  көршілермен  бөлісуге 
келіседі. Сараң адам, сөйтіп, күлкіге қалады.  
Данабек айтты: 
–  Әке,  біздің  балабақшада  бір  бала  бар.  Бір  ойыншығын  да 
ойнауға бермейді. Ол да сараң ғой, ә! 


308 
 
–  Кішкентай  баланы  сараң  деуге  ерте.  Ол  өскен  сайын 
түсінетін  болады.  Ал  өзің  ойыншығыңмен  бөлісесің  ба?  –  деді 
әкесі Данабекке. Данабек: 
– Бөліс...е...мін, – деп үндемей қалды. 
Әкесі баланың басынан сипады. 
 
ҚАРЫНБАЙ 
 
 
–  Балам,  баяғы  заманда  Қарынбай  деген  бай  болыпты. 
Мыңдаған малы болса да, қарны тойып тамақ ішпепті. Бүтін киім 
кимепті. Күні-түні байлықты ойлапты. Жетімге қараспапты. 
Осы кезде Данабек шыдай алмай: 
– Әке, жетім деген не? – деп сұрап қалды. 
Әкесі: 
–  Балам,  әке-шешесі  жоқ  баланы  жетім  деген.  Оны  ортаға 
алып,  ел  болып  көмектесетін.  Жоқшылық  көрсетпейтін.  Ал 
Қарынбай болса, өзі бай болғанымен, жаны кедей. Сараң адам. Ол 
жетімге көмектесуге бір лағын да қимайды.  
 
Қарынбайдың бұл ісін Алла тағала көріп тұрады. Бір күні оны 
тобығына дейін жерге батырып жібереді: 
–  Малыңнан  жетімнің  үлесін  бересің  бе?  –  деген  дауыс 
шығады. 
Қарынбай басын шайқайды. Онысы – бергісі келмегені. 
Алла тағала оны тізесіне дейін батырып жібереді: 
– Малыңнан жетімге бересің бе? – дейді. 
Қарынбай басын шайқайды. 
Алла тағала кіндігіне дейін батырып жібереді. 
Қарынбай тағы басын шайқайды. 
Бір кезде мойнына дейін батады. Сонда да «Бермеймін», – деп 
басын шайқайды. Аздан соң түгел батып кетеді.  
Сөйтіп,  жанынан  малын  артық  көрген  Сараң  байды  жер 
жұтады. Мыңғырған малы иесіз қалып, жабайы болып кетеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет