Таланттар


ҚАЖЫҒАН СТУДЕНТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?



Pdf көрінісі
бет39/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ҚАЖЫҒАН СТУДЕНТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ? 
 
«Осы күнгі студент жалқау. Түк оқымайды, түк білмейді», – 
деген кезде, көз алдыма Бейбіт, Нұрсұлу, Бибігүл, Қадиша келеді. 
Ау, осыларды жалқау деуге ауыз бара ма? Дайындық бөліміндегі 
ынта-ықыласы қандай еді? Енді осы балалардың көзіне үш жыл 
өткеннен  кейін  үңілсем,  шаршаған,  қажыған,  баяғы  ықыласы 
кеміген. «Баяғыдай емеспіз», – дегендей, ұялып төмен қарайды.  
Нұрила айтады: 
– Тапсырма өте көп. Шындап оқысақ, ешқайсысын да үлгере 
алмаймыз. Мысалы, мына курс жұмысын мен жаздым. Қорғауым 
керек. Бірақ осыдан біліміме білім қосылды деп айта алмаймын. 
Себебі  оны  жазу  үшін  бір  күн  сабақтан  қалуыма  тура  келді. 
Тақырып  бойынша  алты-жеті  кітапты  жиып    алдым  да,  керек 
жерін  белгілеп қойып көшірдім.  
Бақыт: 
–  Бізде  бар  уақытымызды  босқа  алатын  сабақтар  бар. 
Мысалы,  шет  тілі  болатын  күні  басқа  сабақ  оқуға  мұрша  жоқ. 
Күніне  4-5  сағат  уақытты  бір  өзі  алады.  Мыңдаған  белгі 
тапсырамыз,  текст  аударамыз,  сонда  да  шет  тілін  біліп  шыға 
алатын емеспіз. Мектепті қосқанда, оқығанымызға 8-9 жыл болса 


69 
 
да, әлі еркін сөйлесе алмаймыз. Шет тілін оқу-оқымау әркімнің өз 
еркінде болса. Оның орнына негізгі мамандықты көбірек оқысақ. 
Шет тілін тапсыра алмағаны үшін оқудан шығып кеткен тәп-тәуір 
әдебиетшілерді білемін.  
Оспан: 
– Біздің шетел әдебиетін де жақсы білгіміз келеді. Бірақ оған 
мектептен қызықтырған ешкім болмапты. «Дон Кихотты» бір ай 
оқып,  зорға  бітірдім.  Басқа  да  сабақтар  бар.  Қалай  үлгірерімді 
білмеймін. Осыған мектеп те кінәлі ғой деп ойлаймын. Мектепте 
классикалық шығармаларды оқып білген болсақ, бұлай қиналмас 
едік. Біздің кезімізде шығарманың өзін оқуға мән берілмепті. 
Анар: 
– Саны көп сабақ, бірақ біреуін де негіздеп, терең біліп шыға 
алмай жүргеніміз сияқты, біздің тәрбиемізбен жекелеп, тереңдеп 
айналысуға оқытушылардың да қолы тимейтін болуы керек... 
 
Иә,  Герценнің  «Өткендер  мен  ойдағылар»  кітабында 
гимназистер  Еуропа  пәлсәфашыларының  көзқарасын  талдап, 
таласып жатады. Қазіргі студенттен оны талап ету қиын. Науаи 
заманында  мұғалімнің  бір  шәкіртпен  бетпе-бет  сағаттап  сабақ 
оқып  отыратын  кездері  болған.  Шәкірт  қолындағы  кітапты 
егжей-тегжейлі  біліп  шықпайынша,  білді  деп  есептемеген. 
Қазіргі  оқуда  оқытушының  сабағы  көпке,  топқа  арналады. 
«Менің  оқытып  жүрген  шәкіртім»,  –  демейді,  «Менің  оқытып 
жүрген тобым», – дейді. Мектептен терең білім алып шықпаған 
бала, ннститутта екі есе тер төгуіне тура келеді. 
Мәселенің ұшы-қиыры әріде. Біздің оқу жүйеміз жетілдіруді 
тілейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет