Таланттар


Мұғалімге дауыс керек пе?



Pdf көрінісі
бет41/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   256
 
Мұғалімге дауыс керек пе? 
 
Көп жылғы мектеп өмірінің тәжірибесінде мұғалімнің сабаққа 
дайындығын  білу  үшін  жұмыс  жоспары  тексеріледі.  Бұл 
жоспарды жазып шыруға сабақтан тыс барлық уақыты, ұйқысыз 
түндері  кетеді.  Неғұрлым  көлемі  көп  болса,  сабаққа  жақсы 
дайындалған  болып  есептеледі.  Ал,  шындығында,  егжей-
тегжейлі  жоспар  оны  орындаушының  бір-ақ  қырын  – 
орындаушылық  ұқыптылығын  ғана  көрсетеді.  Сабақ  үстінде 
түрлі импровизацияға бара алатын мұғалімдер үшін күнделікті – 
жазып  отыру  босқа  кеткен  уақытпен  бірдей.  Тексеруге  ғана 
қолайлы  қағаз.  Мүмкін,  қызметін    жаңа  бастаған  мұғалімге 
белгілі бір уақытта өзін сенімді сезіну үшін керек те шығар, бірақ 
жалпыдан талап етудің артық екенін өмірдің өзі көрсетуде. Оның 


71 
 
орнына 
мұғалімнің, 
өзіне 
қажетті 
ізденістен 
туатын 
Шығармашылық дәптерінің пайдасы көп болар-ау. 
Жоспар  тексерудің  әсері  жоғарғы  оқуда  да  болмай  қалған 
жоқ.  Тексеруге  келгендер  үшін  20-25  бет  машинкаға  басылған 
лекцияны алып жүру міндетті сияқты. Оның есесіне әлгі қағазын 
былай  ысырып  қойып,  өзінше  сөйлеп  кеткенде,  90  минут  бойы 
ғажайып  бір  әлемге  кіргізіп  алатын  ұстаздарды  көрдік.  Нағыз 
мұғалімнің  аузынан  шыққан  сөзін,  дауыс  өзгерістерін,  қол 
қимылы - көз қиығын, бет құбылысының сиқырлы әсерін ешбір 
көрнекі  құралмен  айырбастай  алмайсың.  Егер  әдебиетші 
мұғалімде  осы  қасиеттер  болса,  басқадай  әрлендіргіш 
құралдардың керегі болмас. 
Педагогикаға  қатысты  дидаскология  деп  аталатын  ғылым 
бар.  Бұл  ғылым  мұғалімге  педагогиканың  техникасын  үйрете 
алады.  Яғни  оқушылар  алдында  өзінің  жақсы  қасиеттерін 
жарқыратып  аша  білуге,  өзін-өзі  сырт  көзбен  бағалай  алуға, 
балаға  тартымды  болуға  жағдай  жасайды.  Мүмкін  алдағы 
уақытта  дидаскология  біздің  педагогикалық  жоғарғы  оқу 
орындарымызда сабақ ретінде жүріп, пайдасын тигізер. Ал әзірге 
мұғалімнің техникалық кемшіліктерін өзінен басқа ешкім түзете 
алмайды. Мысалы, мына сұраққа әділін айтып, жауап берейікші. 
–    Біздің  алдымызда  отырған  шәкірттеріміз    күнделікті  не 
көріп, не естиді? 
–  Қажыған  түрімізді,  орашолақ  қимылымызды,  ренішті 
жүзімізді  көреді.  Сабақ  айтқанда  сөзіміз  анық  естілмейді, 
даусымыз ұйқыға шақырғандай бір қалыпты. Ескертуіміз баланы 
мезі еткендей, бір-біріне ұқсас. 
Бір  мұғалім  бар,  айқайлап  сөйлейтіні  сондай,  тыңдаушыны 
тез шаршатады. Енді біреуінің даусы шықпайды, балалар еріксіз: 
«Не  дейді,  не  дейді»  –  деп  сұрауға  мәжбүр  болады. 
Кейбіреуіміздің үніміздің нашарлығынан сөздер бір-біріне ұқсап, 
күңгірлеп кетеді. 
Осы 
ретте 
ауызекі 
әңгіменің 
шебері 
Ираклий 
Андронниковтың  «Шаляпиннің  тамағы»  туралы  айтқаны  еске 
түседі: 


72 
 
Әңгімеші  бір  жолы  Отеллоны  шебер  ойнаушы  атақты  әртіс 
Остужевпен  бірге  ауруханада  жатады.  Остужевтің  ерлігі, 
Отеллоның  рөлін  екі  құлағы  бірдей  естімей  қалғанда  ойнаған 
екен. Серіктесінің айтқан сөзін естімейтіндіктен, пьесаны түгел 
жаттауға мәжбүр болған. 
Ауруханадағы  әртіс  күнде  айнаны  алдына  қойып,  әр  түрлі 
дауыспен  айқайлап,  тамағын  кенеп,  бет  әлпетін  сан  құбылтып, 
өзімен-өзі  жаттығады.  Даусы  зор,  әр  дыбысы  тайға  таңба 
басқандай  анық,  құлақты  тербейді.  Осындай  даусы  бар  кісінің 
тамағы  қандай  болды  екен  деп  аузына  үңілгенде,  әңгімеші 
таңғажайып бір ғимарат көреді. Адамның тамағы емес, бір зәулім 
сарай секілді: ұясы кең, таңдайы биік күмбездің төбесіне барып 
жабысқандай. Ортасында   кішкене тілі дір-дір етеді. 
Мұндай ғажапты бұрын көрмеген әңгімеші Остужевтан қалай 
бұл  дәрежеге  жеткенін  сұрайды.  Сонда  Остужев  бір  кезде 
Шаляпиннің  тамағын  көріп,  қайран  қалғанын,  содан  бері  сөзді 
анық  айту  мәнерін  жетілдіру  үшін  үзбей  жаттығып  келе 
жатқанын баяндапты.                         
–  Мұғалім  әртіс  емес,  оған  дауыспен  айналысудың    қажеті 
қанша? – дейді. 
Бірақ  мұғалім  мен  әртістің  арасындағы  ұқсастықты  елемеу 
мүмкін емес. Екеуінің де мақсаты – тыңдаушыға әсерлі бола білу. 
Бір заманда орысша сауатсыздықтың кезінде мұғалімді сауатты 
адам  ретінде-ақ  сыйлайтын.  Ал  қазіргі  жағдайда  орта  қолды 
мұғалімнің  білетінін  әркім-ақ  білер.  Сондықтан  басындағы 
білімді  айтып  беріп  қана  үйретпекші  болу  мұғалім  беделін 
оншалықты  көтере  қоймас.  Білім  белгілі  уақытта  ескіріп  те 
отырады. Олай болса, ендігі мақсат шәкіртке өмір дейтін күрделі 
құбылысты түсінудің жолдарын үйрету, бағытын аңғарту болар. 
Өмірдің  түрлі  суреттерін  сезіне,  түсіне  алуға,  өзінше  ойлап, 
сөйлей  білуге,  адамшылық  сеніміне  келуге  бағыттау.  Баяндап 
беру аз, әсерлі жеткізгенді айтсайшы. 
Мұнымен біреу келісер, біреу келіспес, жас талап мұғалімнен 
ой табар мүмкін. Жас талапқа айтар ақыл: әр дыбысты, сөзді анық 
айтуға  тырыс.  Айнаға  қарап  сөйлеп  үйрен.  Айнадағы  мұғалім 


73 
 
өзіңе  ұнаса,  кластағы  жиырма  бес  айнаға  да  солай  көрінесің. 
Даусың  құлаққа  жағымды  болсын.  Әуелі  өз  құлағыңа  жаға  ма, 
оңашада айтып  көр.                                                                             


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет