Талғар аудандық білім


- мыстан: Сен ауырсың. Алдар



бет3/7
Дата22.12.2022
өлшемі86 Kb.
#58926
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жаңа жыл шыршасы

1- мыстан: Сен ауырсың.
Алдар: Менің бір ғана әнім бар. Сол біткенше көтерсеңдер болады.
Алдардың әні. Мыстандар құлайды.


Алдар: Сендер мына түрлеріңмен баратын жерге жете алмайсыңдар.
Мыстандар: Алдаржан , сен ауырсың ғой, одан да мына отырған балаларды көтерейікші...
Алдар: Балаларды көтеріп не істейсіңдер? Одан да осы балалармен ойын ойнайық, егер сендер жеңілсеңдер, онда Жаңа жыл болады. Ал, егер жеңсеңдер онда болмайды.
2- мыстан: Келістік.
Алдар: Ойнау үшін өз тобымыз болу керек. Кәне балалар, екі мыстанның көзін байлаймыз... олар қақпашы болады. Ал, қалғандарымыз сол қақпадан білдірмей өтеміз. Ал, мыстандар өтіп бара жатқан баланы ұстап алсаңдар, сол бала сендердің топтарыңа кіреді. Ал, қалғандары менің тобым болады.


1- ойын «Қақпашы»
Алдар: Біз жеңдік! Біз жеңдік! Енді Жаңа жыл болады.


1- мыстан: Жоқ, болмайды! Сендер ылғи жеңе берсеңдер... /2-ші мыстанға қарап/ Қане, ұста, мына Алдарды. Қол- аяғын байлап тастаймыз. Аузына тығын тығып қоямыз /Балаларға/ Сендер шешуші болмаңдар.
2- мыстан: Жүр, тезірек Жаңа жылды жолдан ұстап алып, Малефисентаға берейік. /Екеуі кетеді./
Музыка әуенімен Қыс аруы шығады.


Қыс аруы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер?
(шыршаны айналып жүреді)
Қыс аруы: Ой, балалар, мұнда біреу қозғалып жатыр ғой. Ей, бұл кім? Балалар, мынау жатқан кім, білесіңдер ме?
Балалар: Алдар көсе
Қыс аруы: Бұл қалай , Алдар аға болады ? Қане, сайқымазақ Алдар ағамызға көмектесейік. Келе жатқан Жаңа жылыңыз құтты болсын, Алдар аға! Сізді бұлай байлап тастаған кім?
Алдар: Сәлеметсің бе , Қыс аруы? Мыстандар мені байлап тастап, келе жатқан Жаңа жылды ұрлап кетті. Жылдам Жаңа жылды босатуымыз керек.
Қыс аруы: Алдар аға, енді не істейміз? Бірдеңе ойлап табыңыз.
Алдар: Олар Жаңа жылды ұрлап, Малефисентаға берді. Ал, одан біз құтқара алмаймыз. Ол үшін Малефисентадан қорықпайтын сиқыры күшті адам болу керек. Балалар, кімді көмекке шақырсақ болады?
Сайқымазақ: Мен білетін сияқтымын, Жамандықты жақсылық әрқашан жеңеді емес пе, балалар? Солай ма? Ендеше үнемі жақсылық жасап жүретін Періштені көмекке шақырсақ қайтеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет