Талғар аудандық білім


Ақшақар: «Бір, екі, үш, тартынба, жасыл шырша жарқылда» З рет



бет6/7
Дата22.12.2022
өлшемі86 Kb.
#58926
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Ақшақар: «Бір, екі, үш, тартынба, жасыл шырша жарқылда» З рет
Шырша жанады.
Аяз ата:
Алыс,алыс,алыстан
Көз жетпейтін ғарыштан
Жұлдыздардан самғаған
Шаршап келдім алыстан
Бар сыйлығым жоралғым
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр-ау демалғым
Музыкалық номер (1-2 ән, би) Оқушылардан тақпақ сұрайды , конфет таратылады
Ақшақар: Жасыл шырша, қызыл, жасыл
Нұрға тұр ғой малынып
Жарқыраған жақұттайын
Сан мың жұлдыз тағынып
Маңайына шақырады
Өз достарын сағынып
Ұмтылыңдар жүректерге
Әуезді әсем ән іліп.
АҚШАҚАР: Балалар, барлығымыз бірге сүйікті биіміз бугиді билейік!
Музыка: «Буги, буги» бәрі қосылып билейді.


Аяз ата: Жарайсыңдар балалар!


Барыс жылы :
Өтіп бара жатқан жыл
Барыс жылы еді міне бұл
Қарсы алып еді мені де
Ән мен күйден силап гүл
Уақытым менің таяды
Жылжып жылым барады
Кезек келді барысқа
Менен кезек қалады
Хош-сау болыңдар балалар!


Балалар: Барыс жылы сау болыңыз!

Музыкамен /Барыс жылы кетеді/


Аяз ата: Балалар, бүгін барлығың әдемі болып киініп келіпсіңдер! Осы әдемі киімдеріңді бағалау үшін ойын ойнайық! Ойынның шарты музыка ырғағымен билейсіңдер, музыка біткенде әдемі болып қатып қаламыз! Кім әдемі мүсін болып қатып қалады, соған сыйлығымыз бар!
«Новогодние игрушки» (шыршаны айнала өлең айтылады)


Ойын. Музыкамен би биленеді Аяз ата ойын ойнатады (киімге баға беру)

(Аяз ата мен Ақшақардың қоштасуы)


Аяз ата:
Қош халайық, Жаңа жылға ендіңіз,
Бүгін тойға қуанышпен келдіңіз
Енді міне қоштасатын кез келді,
Басқа жаққа сапар шексек енді біз.
Айналдым бөбектерім-қызықтарым
Айналдым, момын , ерке-бұзықтарым
Әрдайым асқақ болсын көңілдерің ,
Әрдайым шаттық болсын өмірлерің
Келесі кездескенше сау болыңдар!
Ақшақар:
Ата, ата сізден мен де қалмайын
Тілегіңіз мына аппақ қардайын
Қош балалар, кездескенше келесі
Амандықпен жолығайық әрдайым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет