Үрейлі музыка ойнайды. Мыстандар шығады. мыстан: Мәәәәссаған! Мынаны қара. Мына жер қандай әдемі болып кеткен ей а? Бәрін жарқыратып қойыпты ғой!
2- мыстан: Балалар да сондай әдемі болып кетіпті. Бұлар жаңа жыл мерекесін тойлайын деп жатқан сияқты.
1- мыстан: Бір жамандық жасағым келіп қолымның қышыыыыып тұрғанын қарашы! Не істесем екен , а?
2- мыстан: Әй құрбым! Мен таптым
1- мыстан: Нені таптың? (жүгіріп келеді)
2- мыстан: Біз екеуміз Жаңа жылды болдырмаймыз.
1- мыстан: Қалай ?
2- мыстан:Жаңа жылды жолдан ұстап алып, тығып тастаймыз. Жаңа жыл келмесе, ештеңе болмайды.
мыстан:Жаңа жылды ұстап алып, анау орманда ұшып жүретін, қанаты бар сұсты қыз бар ғой ? Кім еді аты?
Аааа анау дәәәу мүйізі бар, қап-қара болып жүретін қыз ба? Малефисента ғой? Дұрыс соған берейік. Жаңа жылды қамап қойсын. Одан ешкім де тартып ала алмайды.
(қарқылдап күледі билейді. 1- мыстан /Алдарды көріп/: Өй, мынау өліп қалыпты ғой.
2- мыстан: Тексеріп көрейік, шын өліп жатыр ма, әлде өтірік өлген бе?
1- мыстан: Кеттік! Бізге өлген адамның керегі жоқ!
2- мыстан: Тоқта! Бұны тірілтіп өзімізге қаратып алайық.
/Алдарды тірілтіп алады/
Алдар: Өй, мені кім тірілткен? Жаңа жылды қарсы алмай- ақ өлейін деп едім. Қой одан да суға батып өлейін.
1- мыстан: Ойбай, өлме! Өле көрме! Сен бізге керексің. Шыршаны жаққызбаймыз, Жаңа жылды ұрлаймыз, қызыққа батамыз. Өлме!
Алдар: Жоқ! Жоқ! Мен ондай іске бара алмаймын. Мен балаларды жақсы көремін. /Мыстандар жалынады/ Сендер жамандықты жасап алып, жоқ болып кетесіңдер, көзге көрінетін мен. Жоқ, болмайды.
2- мыстан: Ә, оның жарасы жеңіл. Мынаны аузыңа салсаң көрінбей кетесің. Кеттік! /бір тал шашын жұлып береді/.
Алдар: Мен шаршадым, мені көтеріп барыңдар.