Талғар аудандық білім


Жаңа жыл музыка ырғағымен кіреді



бет5/7
Дата22.12.2022
өлшемі86 Kb.
#58926
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жаңа жыл шыршасы

Жаңа жыл музыка ырғағымен кіреді


Жаңа жыл: (қоян жылы)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, қатты жүгірдім! Кешіктім ба деп қатттты қорықтым! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет. Мен сендермен 365 күн бірге боламын. Жаңа жылда барлығыңа жаңа бақыт, береке-бірлік, сабақтарыңды жақсы оқуларыңа тілектеспін. Айтқандай, Аяз ата мен Ақшақар келген жоқ па?
Балалар: Жоқ
Аққала: Балалар, бір көңілді дауыстар естіп тұрмын! Бізге қонақтар келе жатқан сияқты!
Музыкамен Маша мен аю шығады
Аю : Армысыңдар балалар! Бізді таныдыңдар ма? Дұрыс! Біз Маша екеуміз сендермен жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік!
Маша: Және балалар, біз сендерге жаңа жыл әнін алып келдік, Барлығымыз бірге ән айтып, би билейік (барлығы билейді)
Жаңа жыл: Ендеше, қане балалар, барлығымыз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Хормен: Аяз ата! Аяз ата! Ақшақар! Ақшақар!


Жүргізуші: Жіберейік тойымызды бастап ал
Жаңа келді ту алыстан бас хабар
О, жарандар қарсы алайық,кәнеки
Келіп қалды Аяз ата ,Ақшақар


Музыка. Аяз ата, Ақшақар келеді.


Аяз ата:
Армысыздар, бармысыздар халқым менің!
Сонау жатқан Мұз таудан келіп едім
Бәріңде өсіп қапсыз, танымадым
Бұрындары сендерді көріп едім
Мінеки жарқыратып қойыпсыңдар
Ортадан шыршаны да ойыпсыңдар
Аяз ата : /жаңа жылға қарап/
Айналайын Жаңа жылым келдің бе?
Жер шарына жаңаша нұр бердің бе?
Құрметтісің аялаған еліңе
Құттықтаймын сыйлығым көп менің де
Бейбіт жылы береке боп келдің бе?
Мерекеңді тойлай берем мен күнде
Ақшақар: Аяз ата, сиқырлы таяғыңыз қайда? Шыршаның шамын жағайық.
Аяз ата:
Ал, шыршамызды жағайық
Оны айналып көңілді әнге салайық!
Ақшақар: Балалар,сиқырлы сөзді ұмытып қалған жоқсыңдар ма ? Барлығымыз бірге айтайық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет