Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет142/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-ча, -че жұрнақтарының негізінде 
уподобительный (тастай)
лишительный (ормансыз)
обладательный (тасты)
местоименный (тастағы)
деп, септіктердің санын көбейту арқылы меңгерудің аясын барын-
ша кеңейтіп жібереді [97, 207-219]. Бұл жұрнақтардың сөз тудыру 
қызметінен гөрі сөз бен сөзді байланыстыру қызметі басым деп 
біледі. Бұл пікірді Ф.А. Ганиев те қолдайды [98, 74-84]. Біздіңше, 
бұл жұрнақтардың татар тілінде сөз бен сөзді байланыстыру жа-
ғы басым болғанымен, қазақ тілінде сөз тудыру жағы басым. Сон-
дықтан олар жұрнақ есебінде қарастырылуы орынды. Осы күнгі 
меңгеру туралы жазылып жүрген еңбектерде барыс, табыс, жатыс, 
шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер көбіне зат есім, есімдік не-
месе затталып барып жұмсалатын сын есім, сан есім, есімшелер 
ғана деп береді. Бұл дұрыс та. Арнайы түрде септелетін сөздер 
осы сөз таптары екендігі айқын. Ол дау тудырмаса екен. Бірақ 
қазіргі əдеби тілдің материалына жүгінсек, соңғы кезде септелетін 
сөздердің аясы əлдеқайда молайды. Оның өзі жоғарыда аталған 
сөз таптарының онан əрі активтенуі арқылы десек, септелмейді 
дейтін басқа-басқа сөз таптары да осы кезде септеліп жұмсала-
тын дəрежеге ие болып отыр. Біз бұл арада зат есім, есімдік, сын 
есім, сан есім, есімше сөз таптарының ондай ерекшеліктерін айту-
дан гөрі онан басқа да сөз таптарының төңірегінде сөз қозғауды 
жөн көрдік.
Есімдік септеледі дейміз. Ал қазіргі септелетін есімдіктер 
қатарында жіктеу есімдігі айтылады да, ал қалған есімдіктердің 
де септелу процесі онша елене бермейді. Сондықтан да меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестерінде тек бағыныңқы қызметте жіктеу 
есімдіктерін келтіруден ары аса алмаймыз. Барлап қарасақ, 
басқа есімдіктердің де септелетінін көреміз. Мысалы: Сендер-
мен қашаннан ағалы-інілі болғанмын (Ж.Жабаев). Қашанға 
дейін қамалады бұл қоршауда (С. Мұқанов). Содан кейін папи-
росынан көк түтінді будақтата күрсінді (Ə. Сəрсенбаев). Бұған 
дейін ол кісінің айтуынша мен ақылды да, тəртіпті де, саналы 
едім (Ғ. Мүсірепов). Онымен қашаннан бері көңіл қосты екен 


291
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
(С. Жүнісов). Ешбірін де ол білмейтін (М. Əуезов). Бірнешені жы-
латып, қуантқан неше талайды (Ғашық-наме). Бірақ бұл бала да 
сырын, ойын ешкімге айтпады (М. Əуезов).
Көп, аз сөздерінің септелуі: Бұдан соң екеуі де көпке дейін 
үнсіз қалды (С. Бақбергенов). Абай, Əйгерімнің байқауынша, 
Мағаштың хатын қолы дірілдеп оқып, көпке шейін танып, түсініп, 
бойына сіңіре алмаған тəрізді (М. Əуезов).
Бар, жоқ сөздерінің септелуі: Төңірегінде беті ашық жатқан 
темір-терсек жоғына көзі əбден жеткен (Ə. Кекілбаев). Жалғыз-
ақ, мынау екі қаралылар үшін ол жоққа барабар (М. Əуезов). 
Бала-шағаң бар-жоғыңа қарамайды (М. Мағауин). Осы қалпын-
да ол ұрыдан гөрі жоғын іздеумен болып еді («Қазақ əдебиеті»). 
Есеңгіреп қалған қазақтар қолдарында садақ бар екенін де ұмы-
тып кеткендей (Ə. Кекілбаев).
Үстеудің септелуі: Мысалы, Ертемен тұрдағы, ақбоз атыңа 
міндағы, құбылаға қарап жүре бер (Ж. Молдағалиев). Жүргінші-
лер Ералының қазірде қуаң тартқан шалғынын біраз аралап өтті 
(М. Əуезов). Күн бата Еркебұлан келді, кешеден бері Отарбай-
дың мінезі тіпті түсініксіз болып кетті (Ғ. Мұстафин). Ертеңіне 
түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс 
тысқа шықты (М. Əуезов). Аудандарға жоғарыдан нұсқау беріл-
ген (Ғ. Мұстафин).
Жеке дыбыстардың да септелуі:
«Т» мен «У» де келді деп,
Ту шалқиды желбіреп.
«Е» əрпі «ф» мен көрші екен
Үйлессіз көрші ерсі екен (М. Əлімбаев).
Есімдіктің септелуі: Əзірше мынаны ала тұр («Лениншіл 
жас»). Рахым балалардың бəрінен де үлкен (М. Əуезов). Күнім-ай, 
сонша неге жүдедің (М. Əуезов). Ушаков инженерлермен осын-
да келіп еді (Ғ. Мүсірепов).
Қимыл есімінің септелуі: Сол бұлақтың суы ұрыспай-талас-
пай, аттарын суарып алып, жөндеріне жүре беруге жетер ме 
еді? (Ғ. Мұстафин). Оншалық саналы болуға əлі жас емес пе? – 
деседі (С. Мұқанов). Баланы оқытуды жек көрмедім (Абай).
Қатыстық сын есімнің септелуі: Мен мына көк бестіге мі-
немін (Ғ. Мүсірепов). Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын 
кез (Абай).


292
Сөз тіркесі мен жай сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет