422
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қарап отырған үш қосалқы сөйлеміміз де сөйлем ретінде қаралуға
тиіс болғанымен, оларға дəнекер қызметтегі көмекші сөздердің
əсерінен олар сол тобымен сөйлемнің бір-ақ мүшесі ретінде
жұмсалады. Бұл факт тілімізде бұрыннан бар болса да, əзірше
қазақ тіл білімінде ешбір сөз болып қозғалған емес.
Дегенмен бұл туралы алғашқы мағлұматты А.Байтұрсынов-
тың еңбектерінен кездестіріп те отырмыз. Автор:
Сенікі, менікі
деген көңіл тарлығы. Əрі жат, бері жат деген төсек тарлығы
деген сөйлемді талдай келіп, осындағы
сенікі, менікі, əрі жат,
бері жат дегендер өзара сөйлем болып табылады, олар
да етіс-
тігі арқылы енді бастауыш қызметінде жұмсалған дей келіп, автор
сөйлемдер де сөйлем мүшесі болатынын тұңғыш рет көрсетеді.
Жəне де ондай сөйлемдердің басқа да, яғни баяндауышы бо луы
туралы да арнайы сөз қозғайды [37, 8]. Сөйлемнің де бастауыш
қызметінде жұмсалуы туралы орыс тілінің академиялық грамма-
тикасында аздап сөз болды [38, 8]. Ал түркологияда бастауыш
туралы диссертациялық жұмыс жазған Ш.Ш. Шаазизов:
Бесі
барлар қол көтерсін деген сөйлемді талдай келіп,
бесі барлар
бастауыш пен баяндауыштан құралған бастауыш деп береді. Сол
сияқты:
звонок чалиниб, до рога кешикканлар, илтимое, бү дарс-
дан кейин қайтарилмасин дегендегі бірінші сөйлемдегі бастау-
ыштар жай сөйлем де, екінші сөйлемдегі бастауыштар құрмалас
сөйлемнен жасалған дейді [39, 30]. Ш.Ш. Шаазизовтың сөйлем-
нің де сөйлем мүшесі болады деуі – дұрыс идея, бірақ оның не-
гізгі мəнін ашып бере алмайды. Оның көрсеткен тұлғалық
ерекшеліктерінің барлығы да қазақ тіл білімінде бұрыннан айты-
лып келе жатқан бастауыштар. Қазақ тілінде ондай бастауыштар-
ды күрделі бас тауыш немесе үйірлі бастауыш дейтін топта қарап
келе жатқанымыз айқын. М.З. Закиев «Білегі жуан бірді жығады,
білімі мол мыңды жығады» сөйлемін талдай келіп, сөйлемнің де
сөйлем мүшесі болуын осы тұрғыда қарайды
[40, 27].
Достарыңызбен бөлісу: