Талғат сайрамбаев


Зат есім: ит жеміндей олжа, жайма базар, жаманатты сөз,  жиен табақ, түйінді мəселе, тұрлаусыз өскен құлан.  Сын есім



Pdf көрінісі
бет205/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   332
Зат есім: ит жеміндей олжа, жайма базар, жаманатты сөз, 
жиен табақ, түйінді мəселе, тұрлаусыз өскен құлан. 
Сын есім: арық атқа қамшы ауыр, əйел жолы жіңішке, əлпеті 
жаман, баданадай қоңыр, басы байлаулы, жер жаһанға белгілі, 
күріштей аппақ, кіршіксіз ақ, қолы жеңіл, қыздың жолы үлкен, 
мұнтаздай тап-таза, ой желке, қамыс құлақ, қара көк, ішіне к
ірсе шыққысыз, тік сөзді. 
Сан есім: жер құлағы жетеу, ілуде біреу, үш тоғыз, үйірімен 
үш тоғыз, тұяғынан тік басқан сегіз. 
Есімдік: əперген ұшпағы қайсы, ақ жолтайы қайсы, аяқты 
жанның бəрі, жоқтан өзгеге, қазаның басқа, мүйізің қайсы, өлген 
жері осы, өз билігі өзінде, өз білгені өзіне, өз айғағы өзінде.
Егер тұрақты тіркестердің соңғы сөздері зат есім, есімдіктен 
болып, септік жалғауларында мол жұмсалса, сан есім, сын есім 
заттанып барып қана жұмсалатындығын көруге болады. 
Үшінші тобы: Тұрақты тіркестердің өздері үнемі септеліп кел-
ген көмекші сөздермен бірлікте дайын күйінде де жұмсалады. 
Əсіресе тұрақты тіркестер есімше тұлғалы етістік бола тұрып, 


416
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
əдеттегі есімшелер сияқты септеліп келуі мол кездеседі. Тіпті, 
кейде етістікті тұрақты тіркестердің өздері де ретіне қарай септе-
ліп жұмсала береді. Мысалы: Жан біткенге жалынбай, Жақсы 
өліпсің, япырмай! Мың түрлі күйге салып толқытады, Маңайда 
жан біткенді таңырқатып (Абай).
Жатақ жөнінде: – Тым құрыса олардың жас буынына азды-
көпті саңылау болсын, – деп ойлады (М. Əуезов). Олай болса 
жас буындарды еңбек сүюге баули алмай жүрген жоқсың ба, – 
деді (М. Иманжанов). Мұнда жан біткен, жас буын ретіне қарай 
əртүрлі септіктерде келіп тұр. 
Тұрақты тіркестер тек септеліп, көптеліп, тəуелденіп қана 
жұмсалуымен бірге олар түрлі жұрнақты тұлғаларда да келе 
береді. Ондай кезде көбіне -дай, -дей, -лы, -лі, -сыз, -сіз, -ша, -ше, 
-ғы, -гі, -шы, -ші жұрнақтар арқылы тұрақты тіркес есімді сөз 
таптарының ыңғайында жұмсала береді.
-дай, -дей: азу тісі балғадай, ай балтаның сабындай, ай мен 
күндей, əмбеге бірдей, айырмасы жер мен көктей, ақ бөкеннің 
тауындай;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет