Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет207/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Үйірлі анықтауыш: Есебі жоқ дəулетті, Тойға келген 
елдердің ортасына салынды (Н. Байғанин). Жықпасаң да күресіп 
талаптансаң, еті тірі жay жүрек жан деп айтаp (С. Торайғыров). 
Иі қатты Олжабектің бабын табатын бір ғана Жамал еді (Ғ. Мұс-
тафин). 
Оқшау сөздер: Іске сəт, жолың болсын, қарындасым, Тал-
қандай төңкеріп жер құйқасын (Ғ.Малдыбаев). Ой, желкең қиыл-
ғыр, тамыр-таныстық-ай, сопаң еткізіп суырасың да шығарасың-
ау (С. Төлешов). Ə-ə, жер жастанғыр, жер жастан! («Ленин-
шіл жас»).
Міне, келтірілген мысалдар арқылы тұрақты тіркестердің нөл-
дік форма, тəуелдік, көптік жəне септік жалғауларында жұмса-
латындығы көрініп тұр. Сондай-ақ біз олардың қай сөз табы-
на қатыстылығы, қандай тұлғада, яғни жалғау, жұрнақ арқылы 
жұмсалатындығын көрсеттік.
Тұрақты тіркестердің ең негізгі қасиеті – оларды құрастыра-
тын барлық сөз таптарының орын тəртібінің мықтылығы мен 
оны құрайтын əрбір сөздің қосымшасының да тұрақтылығы. Бұл 
қасиет – олардың жеке тұрғандағы басты белгісі. Тұрақты тір-
кестердің сөйлемде қолданылуы, сөйлемде жұмсалуы, ойымыз-
ды білдірудің тиімді белгісі іспетті. Олардың қолдану процесін 


418
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізінен сөйлемнің өн бойына қатысты десек, басқа сөздермен 
байланысында ең соңғы сөздердің рөлі ерекше. Соңғы сөздің 
тұлғасына қарай сөйлемнің де өзіндік ерекшелігі айқындалады. 
Сондықтан біз, ең алдымен, олардың соңғы сөздерінің тұлға-
сына баса назар аударуды дұрыс көрдік. 
І. Кеңесбаевтың сөздігінде 90 мыңдай тұрақты тіркестер 
бар екендігі айқын. Тұрақты тіркестер – қазақтың байырғы тіл 
байлығы. Қорыта келгенде, тұрақты тіркестердің морфологиялық 
өзгерісі туралы мынаны айтуға болады. Тұрақты тіркестер а) бар-
лық жалғауларда табиғи түрінде жұмсалады; ə) əдеттегі сөздер 
тəрізді əрі көптеледі, тəуелденеді, септеледі жəне жіктік жал-
ғауында да жұмсала береді; б) олар нөлдік формада жəне кө-
мекші сөздер арқылы келе береді; в) түрлі қосымшалар арқылы 
(жұрнақтар арқылы да) келе береді; г) сөйлемнің ішінде де, 
соңында да орын таңдамай жұмсала береді; д) жұрнақ, жалғаулар 
арқылы келуі олардың басқа сөздермен байланыста келуінің 
ең негізгі шарты болып табылады; е) морфологиялық өзгеріс 
арқылы олар сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында қолданылып, 
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста 
жұмсалады. Мұның өзі – тұрақты тіркестер сөйлемнің барлық 
мүшесі ретінде жұмсалады де ген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет