-лы, -лі: айдай таза, күндей нұрлы, алпыс екі айлалы, бүйені
майлы, дембелше денелі, жер жаһанға белгілі, хиуадай базарлы;
-сыз, -сіз: айырып алғысыз, адам көргісіз, іске алғысыз, ішіне
кірсе шыққысыз, халыққа сыйымсыз;
-ша, -ше: жамбасы жерге тигенше, жан ұясынан шыққанша,
өле-өлгенше.
-ғы, -гі: тастай қараңғы;
Жалқы есімдердің қатысы арқылы: ақылы Аплатон, Жүсіп
пенен Зылихадай, қас Қарынбай, Шық бермес Шығайбай, көл иесі
Қамбар, т.б.
Тұрақты тіркестердің, əсіресе, етістік тұлғасында келуінің
формалары өте мол. Бірақ біз бұл жерде есімше, көсемше, шартты
тұлғасында келулерін ғана сөз етеміз.
Есімше: айбынды туған, ақылға келмеген, ақыл тоқтатқан,
бұла өскен, елден безген, есік көрген, етпен қайнап, сүйекке сіңген,
жатырынан қағынған, жүген-құрық тимеген, жібектей есілген,
барып тұрған, қылдан қиқым іздеген.
Көсемше: өзім өз болғалы, көзін ала бере, тебінгі жерге
шірімей, айрандап аптап, күбідей күптеп, алдын ала, ал кеп, алты
малта ас болмай.
417
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Шартты рай: айта берсең, ақыл құсың адаспай аспандаса,
болмаса, жаны ұяда болса, болса да, ең болмаса да, дəу де болса
жолың түссе, жыны келсе, зұлпықарын қолға алып.
Қимыл есімі: жел болып тию, т.б.
Тұрақты тіркестердің соңғы сөздері етістікті болып келген-
дегі тұлғалық формасы да өте мол: Бала-шағаңның игілігін көр,
жеңіл барып, ауыр қайт, жемтігіңді же, көр жыла, жер бола,
көшке берген тайлағыңды қайтып ал, ай жүр, жыл жүр, аман
жүр сияқты түрлері. Жүз аудара алмады, көз салып кетті,
көз тұтып отыр, қол тартып алды, көріп алайын, көре тұра
күлтеленіп жүрді сияқты дара, күрделі етістікті де болып жұм-
сала береді. Əсіресе, тұрақты тіркестердің соңғы сөздері көп, аз,
бар, жоқ сөздерінде мол кездеседі: Жеңілген елде желке жоқ,
күдігі бар, қаперінде жоқ, өкпесі жоқ, шыры жоқ, бірлік бар
жерде, тірлік бар, діті бар, жүрегінің оты бар, адырында арқар
көп, адамында дархан көп, ақылы аздың азабы көп.
Достарыңызбен бөлісу: |