433
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жоқ бірі екіншісіне қатысты ма? деген мəселенің төңірегінде де
əртүрлі түсіндірушілік бар. А.А. Шахматов, А.И. Смирницкий, т.б.
пікірлері бойынша, баяндауышты бастауышқа бағынышты сөй-
лем мүшесі десе [3], керісінше, Б.А. Абрамов, А.А. Холодович,
И.П. Раскопов бастауыш баяндауышқа бағынышты деп ұғады [4].
Ал үшінші бір көзқарас бойынша, бастауыш пен баяндауыш бір-
біріне бағынышты емес, екеуі де сөйлемде тең дəрежедегі сөйлем
мүшелері [5], И.И. Мещанинов, И.Ю. Шведов бастауыш пен
баяндауышты тіпті бір-біріне қатысты емес деп түсіндіреді [6].
Қазақ тіл білімінде бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне
қатысы туралы мына жайттарды айтуға болады. С. Аманжолов
бұрынғы кезде бастауыш пен баяндауыш тең дəрежедегі сөйлем
мүшелері деген пікірін теріске шығара келіп, сөйлемнің негізгі
қазығы бастауыш, ол екеуі тең дəрежеде емес деген пікірді ай-
тады. Ол бастауыштың рөлін жоғары бағалайды да, баяндауыш
бастауышқа тəуелді деп көрсетеді [7]. Ал М. Балақаев бастауыш
пен баяндауыш арасына үзілді-кесілді шешім айтпай-ақ, олардың
əрқайсысын синтаксистік қызметінің қай тұрғыдан қаралатынына
қарай, бастауыштың ой иесі болу жағынан ерекшеленгенімен,
сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде баяндауыштың орны ерек-
ше деген қағидаға келеді. Бұл жерде автор оларды бір-бірінен
алшақ тұратын категория емес, байланысты екендігін, дегенмен
баяндауыш бастауышқа бағынатынын ашық айтады [8]. Ж. Бола-
тов, Р. Əміров баяндауыш бастауыштың грамматикалық көршісі,
яғни бастауышқа бағынышты деген пікірге тоқталады [9]. Міне,
жоғарыда көріп отырғанымыздай, тұрлаулы мүшелерге қай сөйлем
мүшелерін жатқызу керек деген мəселе төңірегінде де, сол сияқты
бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне қатысы туралы да əртүрлі
көзқарастар бар екенін байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: