447
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мен бірге басқа да сөз таптары да қатыса алады. Жалпы, сын
есімдер – өздері анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы.
Сондықтан да олар заттану процесінде сол заттың қасиетіне
лайық сын есімдермен мағыналық бірлікте бір-ақ сөйлем мүшесі,
яғни күрделі бастауыш ретінде жұмсалады. Шалдыққаны білінер
ме екен деген күдік күшейген кезде,
күрең төбел, тіпті, егесе
түскендей (М. Əуезов). Есіктен салқын ауамен бірге үстіне қалың
тон киген
жуан қара кіріп келеді (Т. Ахтанов).
Қатыстық сын есім мен заттанған сын есім арқылы:
Қасқыр
ішікті,
түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады (С. Кө-
беев).
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тəлім айтпаса, ел болғаның
қайсы? (М. Əуезов).
Кейде заттанған сын есімдер дербес мағыналы болғанымен,
бəрібір сөйлемде иелік мағынаға толық жете алмай, міндетті
түрде тағы да толықтырушы сөздерді керек етіп тұрады. Он-
дай кездегі толықтырушы сөз таптары əртүрлі. Зат есімдер мен
заттанған сын есім арқылы: Бұл жиында
Ызғұтты, Жақып,
Майбасар сияқты үлкендер жəне баладан Құдайберді, Абай бар
(М. Əуезов). Ілік жалғаулы зат есім мен заттанған сын есім арқылы:
Көздерінің аласы қызарып, кезерген ерні кебек жалағандай ақ
шаңдақтанып кетіпті (Р. Райымқұлов).
Ауылдың үлкендері көрсе
жібермейді (М. Əуезов). Сан есім мен заттанған сын есім арқылы:
Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды.
Екі жаман қосылса,
кең дүниеге сыйыспайды (Мақал). Жадау
бір торы мұның үйінің
алдында да намаз оқығандай мүлгіп тұр (Ғ. Мүсірепов). Есімдік
пен заттанған сын есім арқылы: Осыдан соң
барлық үлкендер
қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов).
Бұл кəрілер сұрау
салмайды (М. Əуезов). Етістік пен заттанған сын есім арқылы:
Соқтыққыш жуандар көкірек керсін.
Қайтпас қария жалғыз ауыз
өлеңмен жайратты да салды (М. Əуезов).
Достарыңызбен бөлісу: