Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет215/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

БАСТАУЫШ
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде 
бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде 
ашық түрде бастауыш болып тұрады, екіншіден, сөйлемде ба-
стауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен, 
бəрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен 


434
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бірге бастауыштың зерттелуі, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы, 
жаса луы, құрамы, сөйлемдегі орны жəне мағынасына қарай бө-
лінуі зерттеліп келеді. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде 
көптеген оқу құралдары, оқулықтар жəне ғылыми мақалалар 
жарық көрді [10]. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі 
мəселелерімен бірге олардағы кейбір жанама мəселелеріне де 
назар аударылған
[11]. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастау-
ышты басқа тілдермен салыстыру, орын тəртібі жəне стильдік 
қызметтері де сөз болады. Енді сол ғалымдарға сөз берсек. Х. Ба-
сымов: «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой 
іргесінің иесі болады», – десе [12,22], С. Аманжолов: «Сөйлемдегі 
айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш 
дейміз», – дейді [13,9]. М. Балақаев пікірі «Сөйлемнің кім? не? 
туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы 
мүшені бастауыш дейміз» деп келсе [14,18], Р. Əміров «Сөйлемде 
айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы 
айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін 
сөйлем мүшесін бастауыш дейміз»
деген ережені айтады [15, 113]. 
С. Аманжолов, А. Əбілқаев, И. Ұйықбаев авторлығындағы мек-
теп грамматикасында: «Сөйлемде атау септігінде тұрып, басқа 
мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз», – 
делінген. 
Қазақ тіл білімі мен түркітану əдебиеттеріндегі бастауыштың 
ережелері туралы мына жайттардың айтылғандығын көруге бо-
лады. Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең 
алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орын-
ға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, 
ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған 
қимылдың, сапаның кімге қатысы – басты нəрсе болуы. Төртіншід-
ен, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, 
бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни атау септікте 
келетіндігі. Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, баяндау-
ышпен синтаксистік қатынастары. 
Бастауыш басқа сөйлем мүшелеріне қарағанда ойдың иесі 
ретінде қолданылатындығы айқын. Бұл жағынан бастауыш басқа 
сөйлем мүшелерінен айқын ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке 
қолданылып өмір сүре алмаса керек, ол қалайда басқа мүшелері-


435
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мен, оның ішінде баяндауышпен синтаксистік байланыста 
айтылғанда ғана мағыналары айқындала түседі. Бастауыш бо-
латын сөздердің сөйлемдегі ойдың иесі болуы – негізгі шарт. 
Бастауыштың дəрежесі баяндауышпен тығыз байланыста ғана 
айқындала түседі. Мұның кейбір еңбектердегі ойдың иесі деу-
ден гөрі сөйлемнің баяндауышы арқылы айтылған қимылдың, 
сапаның кімге қатысты екені осы пікірмен ұштасып жатса ке-
рек. Сол сияқты бастауыш басқа мүшелерге бағынбайтын дейтін 
қағида да баса айтылады. Бұл қағида негізінде тұрлаулы мүшелер 
төңірегінде ғана сөз болса керек. Тұрлаулы мүшелер сөйлем 
құраудың негізі екені айқын да, ал тұрлаусыз мүшелер туралы олай 
айту келе бермейді. Тұрлаулы мүшелер біріне-бірі бағынышты, 
бағынышты емес деген үзілді-кесілді пікірлерде біз жоғарыда 
айтқанымыздай, сөйлем мүшелері тек бір-бірімен байланысқан 
кезде ғана ой айқындалатынын білеміз. Олай болса, бастауыш 
сөйлемде басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға келе 
бермесе керек. Сол сияқты бастауыштың тұлғалық ерекшелігі де, 
əсіресе, атау септікті сөздер бастауыштың тұлғасы дейтін мəсе-
ленің де жігі – күрделі мəселе. Атау септіктегі сөздердің барлы-
ғы тек бастауыш қана болады дейтін пікір қате. Біздіңше, атау 
тұлғалы сөздердің сөйлемдегі қолдану ерекшеліктеріне қараудан 
барып қана, яғни ондай тұлғалы сөздердің бүкіл сөйлемге не-
месе өзі қатысты сөздермен қатысын айқындау барысында ғана 
бастауыштың қасиетін ажырата аламыз. Сонымен, бастауыш, 
оның ережесі туралы мынадай қорытындыға келу орынды сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет