Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет263/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Құрама баяндауыштар
Баяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар. Бұл 
баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда əрі есімнің 
де, етістіктің де элементінің бар екендігі негізге алынған. Əрине, 
құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы, оларды құрайтын 
бірінші сыңарлары мен екінші сыңарлардың тұлғалық жəне 
мағыналық ерекшеліктері жеке-жеке сөз зерттеуді керек етеді. 
Мұндай баяндауыштардың негізінен екі сыңары, яғни есімді 
мен етістікті сыңарлары болатындығы негізгі фактор. Құрама 
баяндауыштың бірінші сыңарлары есімдер болады да, олардың 
өздерінің іштей қолдану дəрежесі айқындалады. Есімді баян-
дауышты құрауда бұл сөз таптарының қызметі ерекше. Олар 
құрама баяндауыштың негізгі мағынасы да, сұрақтарда да со-
ларды айқындайды. Құрама баяндауыштардың екінші сыңары 
етістікті делінгенімен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер 
ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де негізгі етістіктерге 
басқа етістіктер де қатысқанымен,  көмекші етістіктері негізгі фак-
тор болады. Құрама баяндауыштардың жасалуында бəрібір олар 
көмекшілік қызметте ғана жұмсала алады. 


525
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Құрама баяндауыш қазақ тіл білімінде ең алғаш peт С.Аман-
жоловтың мектеп грамматикаларында сөз болған. Автор қазіргі 
құрама баяндауыш деген терминді ол кезде аралас деген сөзбен 
берген. Ал автордың 1940 жылғы грамматикасында «Етістік пен 
есім сөздердің араласынан болған баяндауыш – құрама, аралас 
баяндауыш» деп, бірде құрама, оған қоса аралас деген терминді 
де қоса пайдаланған. Қалай болғанда да, автор баяндауыштың 
бұл түрін алғаш көрсете келіп, оның бір-бірінен ажырамайты-
нын, ажыраса қалса мағынасына нұқсан келтіретінін көрсеткен. 
Ал осы еңбектегі аралас немесе құрама баяндауыштарға берілген 
мысалдарынан оның бірінші сыңары, яғни есімдерден зат есім 
мен сын есімді кездестірсек, көмекші етістіктің сыңары ретінде 
бол, түс сөздерін келтірген. Ал 1940 жылғы еңбегінде құрама 
баяндауыштың бұл түріне елең қылмады, қылт етпеді, жылмаң 
етті деген еліктеуіш сөздерін де жəне көмекші сөз ретінде қылу, е 
етістіктерін қоса көрсеткен.
Н.Сауранбаев жалпы күрделі баяндауыш, оның түрлері тура-
лы пікірінде күрделі баяндауыштар таза етістіктер мен есім сөз-
дердің аралас келуінен жасалады деп, есімді күрделі баяндауыш-
ты ескермейді. Ал автордың аралас баяндауыш туралы тұжыры-
мы дұрыс. 
М. Балақаев күрделі баяндауыш, олардың түрлері туралы айта 
келіп, жеке «Есімдер мен етістіктерден болған күрделі баяндау-
ыштар» деп тақырыпты дұрыс қойғанмен, не аралас, не құрама 
баяндауыш деп арнайы атамайды. Автор ондай баяндауыштардың 
бірінші сыңарлары есімдер дейді де, есімдерге көмекші етістіктер 
есебінде бол, е, қал, де, көр етістіктері қатысады жəне олар 
есімдерге шақтық мағына қосу үшін жұмсалады деген. Автор 1954 
жылғы академиялық грамматикада «құрама баяндауыштар» деп 
арнайы орын бере келіп, ондай баяндауыштың бірінші сыңарына 
есімдерге қоса еліктеуші сөзді де қосқан. Ал көмекші сөздері – 
көмекші етістіктер: еді, екен, емес, ет, бол, қыл, көр. Модаль 
сөздері: керек, тиіс, шығар, болар, сияқты сөздер. 
Осы күнгі ғылыми еңбектерге көз жүгіртсек, құрама 
баяндауыштың бірінші сыңарларына есімдерді, үстеу, еліктеуіш 
сөздерді, бар, жоқ сөздерін қатысты дейді. Біздіңше, құрама 
баяндауыштың бірінші сыңары ретінде таза есімдерді ғана алу 


526
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
орынды. Ал үстеу, еліктеуіш сөздер, бар, жоқ сөздерінің күрделі 
баяндауыш болуы ондай мəнді бере алмаса керек. Дегенмен 
соңғы топты баяндауыштар қалайда не етістікті, не есімді құрама 
баяндауыштардың ешқайсысына қосылмайтын баяндауыштың 
өз алдына бір тобы. Осы топқа модаль сөзді баяндауыштарды да 
жатқызуға болады. Олай болса, еліктеуіш сөзді, үстеу, модаль 
сөзді жəне бар, жоқ сөздері қатысты баяндауыштарды да өз алды-
на бір топ етіп топтауға тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет