Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет262/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   332
Шылаулы баяндауыш. Көмекші етістіктердің, модаль сөз-
дердің, көмекші есімдердің, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейбір 
еңбектерде аз болса да айтылғаны белгілі. Ал күрделі баяндауыштың 
шылау арқылы жасалуы қазақ тіл білімінде Н.Сауранбаев 
еңбегінде ғана сөз болды. Осы күнгі еңбектердің ешқайсысында 
баяндауыштың шылаулар арқылы келетіндігі жайында ешқандай 
сөз болмаған. Біз қолымыздағы материалдарға сүйенетін болсақ, 
күрделі баяндауыштың шылаулар арқылы да жасалатындығын 
көруімізге болады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жо-
спарын өсіру туралы (Б.Майлин). Қасықтың сыбағасы қарымына 
қарай (Маржан сөз). Бірінші, екінші мысалдардағы туралы шыла-
уы етістік жəне зат есіммен тіркесіп, қатыстық мағынаны білдірсе, 
үшінші сөйлемдегі қарай шылауы зат есіммен тіркесіп, істің ама-
лын, тəсілін білдіреді. Əдетте шылау қатысты сөздер сөйлемнің 
ішінде келіп пысықтауыш пен басқа да сөйлем мүшелері 
қызметінде жұмсалатындығы ғана айтылатын. Ондай кезде шылау 
қатысты сөздер міндетті түрде сөйлемнің ішінде ғана қолдануы 
тиіс болатын. Енді ондай шылау қатысты сөздер тек сөйлем ішінде 
ғана емес, тіпті сөйлемнің соңында келіп, өзі қатысты сөзбен бірге 
сөйлемді тиянақтау дəрежесіне ие болып отыр. Жалпы алғанда
шылаулы жəне көмекші баяндауыштардың пайда болуы негізінде 
тілдік экономияның əсері негізінде қалыптасты. Негізінде шы-
лау, көмекші есімдер қатысты сөздер – тек сөйлемнің ішінде 
ғана қолданылатын топтар. Кейде сол арнайы баяндауыштардың 
түсіп қалуы себепті жəне бұлар ондай баяндауышты сөздердің 
мезгілін, мекенін білдіруге ыңғайлы сөздер болған соң сол 
түсіп қалған баяндауышының орнына өздері жұмсалып, соның 
қызметін атқарып отыр. Жəне көмекші есімді, шылаулы баянда-
уыштар арқылы баяндауыш семантикасының жəне баяндауыш-
тық тұлғаның ауқымының кеңейгенін көруге болады. 
Шылаулы баяндауыш көбіне туралы, үшін, жайында, қарсы, 
жуық, қарай, шақты шылаулар арқылы жұмсалады. Əрине, бұл 


524
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
шылаулар қатысты пысықтауыш, толықтауыш сөйлем мүшелері 
объектіні, мекенді, мақсатты, бағытты білдірсе, енді олар сол 
мағынада баяндауыш болып та жұмсала береді.Бұған төмендегі 
мысалдар дəлел болады: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жоспарын 
өсіру туралы (Б. Майлин). Əділ би – халық үшін, зұлым би – құлқын 
үшін (Мақал). Қазіргі əзілдері Ардақ жайында (Ғ.Мұстафин). Үй 
саны жиырма шақты (Б.Майлин). 
Сонымен, көмекші сөзді тұрлаулы мүшелер осы уақытқа дейін 
арнайы зерттеудің, арнайы қарастырудың объектісі болған емес. 
Көмекші сөзді бастауыштардың, соның ішінде модаль сөздің жəне 
шылаулы бастауыштың болуы туралы осы күнге дейін ауызға 
алынып, сөз болмаған мəселе болса, шылаулы, көмекші есімді ба-
яндауыш туралы да сол іспеттес. Жалпы, көмекші сөзді тұрлаулы 
мүшелер қазіргі кезде тілімізде көп қолданылатын категория бо-
лып отыр. Сондықтан да тілдегі осы сияқты материалдар – тілде 
арнайы сақталып, жеке зерттеуді керек ететін күрделі мəселе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет