Сан есімді құрама баяндауышты тұлға. Есептік сан есім
арқылы: Екі деген жаман ба, əже! Санның алды бір мен екі емес пе? (М.Мақатаев).Реттік сан есім арқылы: Ғұмырында шалының
да, өзінің де мұндай сыйлы төрге шығып, гүлдесте құшақтағаны
бірінші рет еді (Н.Серғалиев). Жинақтау сан есімі арқылы: Олар
бастығымен бірге алтау еді (Ш. Айтматов). Жинақтау сан есімінің
тəуелдік жалғауы арқылы: Саған тапсырған жұмыстың бұл біреуі ғана (Н.Əбуталиев). Бөлшектік сан есім арқылы: Мен үштен бірін деп едім, мынау болмады, – деп Біжікен Торсаңға қарады
(F.Мүсірепов). Болжалдық сан есім арқылы: Жинап отырған қой
саны елудей еді (М. Əуезов).
Сан есімдердің септелуі арқылы: Сен соғысқа кеткенде,
мен жиырма сегізде едім ғой (Ш. Мұртазаев). Сан есімге түрлі
нумеративті сөздердің тіркесуі арқылы жасалады, кейде ондай
көмекші қызметтегі нумеративті сөздердің өздері де септеліп
жұмсалады: Исатайдың да жүйкесін құртып, түбіне жеткен
осы аты шулы он күн еді (Н.Əбуталиев). Оның жылдық табысы
былтырғыға қарағанда бес есеге артық (Н.Əбуталиев).
Есімдікті құрама баяндауыш. Жіктеу есімдігі арқылы: Тіпті
əйелім де сіздер жақтан (А.Шамкенов). Жіктеу есімдігіне түрлі
жұрнақтардың жалғануы арқылы: Ат құйрығын кестім, бүгіннен
бастап сендік емеспін (Н.Əбуталиев). Өз есімдігі арқылы: Бəріне
кінəлі өзі сияқты (М.Мақатаев). Əу баста осы əңгімеге жел берген
өзі еді (Ə.Кекілбаев). Сілтеу есімдігі арқылы: Қақпанға оңай түсе
қоятын аңғалың бұл емес (О.Сəрсекеев). Сұрау есімдігі арқылы:
Өздеріне ұнаса, осы күні біз оларға не деуші ек (Т.Əлімқұлов).
Жалпылау есімдігі арқылы: Жəнібектің аузының қалай қарай
қисайғаны олар үшін бəрібір емес (Ə.Кекілбаев). Есімдіктерге
-нікі, -дікі қосымшасының жалғануы арқылы: Бұл Көксақалдікі,
басқа кімдікі болушы еді (Н.Əбуталиев).