Талғат сайрамбаев


Зат есімді құрама баяндауышты тұлға



Pdf көрінісі
бет264/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Зат есімді құрама баяндауышты тұлға. Зат есімдер есімді 
баяндауыш құрауда басты тұлға болғанымен, енді түрлі көмекші 
етістіктер арқылы да құрама баяндауыш жасауда қызметі ерекше. 
Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары ретінде зат есімдер 
мына тұлғаларда жұмсалады. Жалқы есімдер: Оның аты – Ал-
пысбай екен (Б.Майлин). Орысша киінген жігіт Досанов Асқар 
eдi (С.Мұқанов). Зат есімдерге -ақа, -еке жұрнағының жалғануы 
арқылы: Кенет ол жөнге көшті. Бекен деген болам. Ауылдың көбі 
«Беке» дейді (Қ.Найманбаев).
Жалпы есімдер: Балам, жақсы бала екенсің (С.Бердіқұлов). Біз 
манадан бері соны əңгіме қып отыр едік (Қ.Жұмаділов). Бұндай 
зат есімдер қосарланып та жұмсала береді: Қошқарбаевты жұрт 
газет-кісі дейтін (Ш.Айтматов). Шынына келгенде, сабақ-
концерт еді (М. Қалдыбаев).
Зат есімдер көптеліп те, тəуелденіп те, септеліп те келе 
береді: Шешей, біз арнаулы мемлекеттік жұмыстармен Орын-
бордан Керекуге келе жатқан студенттер едік (Ғ. Мүсірепов).
Қосалқы айқындауышы бар зат есімдер арқылы: Бұл кісі он екі 
ата Байұлының үлкен ақсақалы Асанбек шешен еді (Н.Əбуталиев). 
-нікі, -дікі жұрнақты зат есімдер арқылы: Осынша ұлан-байтақ жер 
халықтікі емес пе? («Жұлдыз»).
Сын есімді құрама баяндауышты тұлға. Сапалық сын есім 
арқылы: Бұра сөйлеген күлуге жақсы, бұрыла қашқан түлкі қууға 
жақсы деген (С.Мұқанов). Сын есімнің шырайлары арқылы: 
Ақберген Бекболаттан гөрі кекшілдеу еді (Ж.Аймауытов). Жас 
сұлу осыдан қысылып қып-қызыл болып кеткен (М. Əуезов).
Сын есімнің көптік жалғауда келуі арқылы: Бұл үшеуі он 
ағайындының ішіндегі ең кішілері екен (Б.Шаханов). Сын есім-
дердің септелуі арқылы: Қағаз ақша шамадан тыс көп шығарылса 


527
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
немесе товар айналымы кеміген жағдайда қағаз ақша бағасыздыққа 
ұшырайды (Саяси экономия). Сын есімдер мен басқа бір сөз 
таптарының бірге келуі арқылы: Молдадан сабақ оқып жүрген 
жас кезінде Едіге тоқсан баланы бірден жығады. Бұл – күштінің 
белгісі (Қ.Сəтбаев). Ресей патшасының тұсында қаншама ерлік 
көрсеткеніммен, мен көп жаманның бірі едім (Ə.Қоңыратбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет