Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет28/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

осып-осып кeтeдi (С. Жиренов) Төгiлiп, ағып жыр келедi, қа-
лықтап ұшып əн келедi (А. Хангелдин). 
Осы сөйлемдерде тебiнiп қап шаба жөнелдi, күрсінe сүйсi-
нiп қабылдады, eкniндen кеп осып-осып кeтeдi, қалықтап ұшып 
келдi тəрiздi сөз тipкecтepiнің бағыныңқының сыңарлары күр-
делi көсемшелер. Көсемшелердің бұлайша бiр-бiрiмен өзара 
түйдектелiп немесе тiзбектелiп жұмсалуы тiлiмiзде жиi қолда-
нылады. Олар сол тiз бегiмен келгенде, əрине, негiзгi мaғынa 
алдыңғы етістік те болады да, соңғы етістіктep көмекшiлiк қыз-
мет атқа рады. Сонда: тебiнiп кеп, күpciнe сүйciнin, eкniндen кеп, 
қалықтап ұшып дегендердегi негiзгi мағына тебiніп, eкniндen, 


63
Күрделі сөз тіркестері
қалықтап сөздерiнде болса, кеп, ұшып eтicтiктepi көмекшiлiк 
қызмет атқарады. Бiрақ негiзгi етістіктep мен көмекшi етіс-
тіктердің өзара мағыналық жағынан бiрiнде басым, бiрiнде 
солғын болғанымен, олар бiрiнiң мағынасын бiрi толықтыра түсу 
сыңайында қалыптасқан. Өйткенi күpciнe, тебiнiп, қалықтап 
жəне кеп, ұшып етістіктepi басыңқы сыңарларымен жеке-жеке 
байланыса алмайды. Бiрақ ондай бағыныңқы мүшелерiнiң əрбiр 
сыңары негiзгi мағыналық сөздер деп бiлемiз. Сонда етicтiктiң 
бағыныңқы күрделi сыңарлары қалайда етістік арқылы жасалып, 
сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құ райды. Академик Н. Сауран-
баев: Атты қуалап Асан кет тi. Ас бере отыра жеңгелеpі бала-
дан сұрады [61, 53-54], – деген сөй лемдердегi атты қуалап, ас 
бере отыра деген бiрiншi сыңары атты, ас табыс септiгiнiң 
ашық не жасырын тү рiндегi зат есімдермен қуалап, бере отыра 
көсемшелерiнің өзара тipкeciн көсемшелердiң күрделенуi дейдi. 
Сол сияқты төмeндeгi мына сөйлемдердi талдап кө релiк: 
а) Өткeннің бiр ертегiсi боп қана баяндалған. Соған көңiл 
бөлетiн мезгiл мейлiнше жеткен екен! – деген сөздi кең жүзiне 
бiр толқу қызу қан ойнап, қатты үнмен салмақты қып бiр-ақ 
түйдi де, содан əpi сөйлеген жоқ (М. Əуезов). Бұлар сонау ит 
өлген жерден шаршап-шалдығып шөп тасып жүрсе, ол Мақсатпен 
мəз болып жетiciп тұр («Жұлдыз»). – Ойбай, аға, əн салмаңыз 
деген Қайсарға Еркебұлан aң-тaң болып жалт қарап едi, өзiнiң 
Бiржан əнін ыңылдатып келе жатқанын eстідi (Ғ. Мүсірепов). 
е) Ішпеймiз дегендерге қалағандарынша лимонад пен мине-
рал суы берiлдi (Ə. Нұршайықов). Бұл оның табысқа де ген жiге-
рiн шыңдай түскендей болды («Социалистік Қазақстан»). Ал-
шын бай сұраса бергеннен абзалы жоқ екен деген байлауға кеп 
едi (М. Əуезов). 
Осындағы курсивпен терiлген сөз тipкecтepiнің бағы ныңқы 
сыңарлары əртүрлi сөз таптары мен көсемшеден, де, бол, қыл, е 
көмекшi етістіктepiнен жасалған. 
Бiрiншi топтағы бiр ертегiсi (ғaнa), салмақты, мəз, aң-тaң 
деген сөздердiң бiр ертегiсi (ғaнa) aң-тaң сөздерi етістіктермен 
тipкeceдi деп те айтуға болады. Бiрақ бiрiншi ciнің синтаксистiк 
қызметi өзгерiп, бастауыш қызметiнде жұмсалса, екiншiciнiң сол 
қалпында сөйлемдiк контексте мағыналық жағы келе бермейдi. 


64
Күрделі сөз тіркестері
Сол сияқты екiншi топтағы iшпеймiз, табысқа, абзалы, жоқ 
екен деген сөздер мен сөздер тобы да сол дегендер ге, деген кө-
мекшi етiстіктерiнсiз басыңқы берiлу, жiгер, байлау сөздерiмен 
тipкecтe жұмсала алмаған болар eдi. 
Сонда бipiншi, екiншi топтағы бағыныңқының алғашқы сы-
ңарлары қаншалықты толық мағыналы сөздер болғанымен, сол 
қалпында да басыңқыларымен тұлға лық байланыста бола ал-
майды. Екiншiден, ондай кездегi мағыналық тобын, үшiншiден, 
синтаксистiк қызметiн, төpтiншiдeн, байланысу формаларын-
сыз айқындайтын бол, қыл көмекшi етістіктepi өзi қатысты сөз-
дердi пы сықтауыш қызметіндe жұмсап, қабыса байланысқан 
етістіктi сөз тipкeciн құраған, екiншi топтары дегендерге сөзi 
арқылы меңгерiле байланысқан толықтауыштық қаты настағы 
етістіктi сөз тipкeciн, «-де»-нiң есiмше формасы арқылы табыс-
қа, абзалы жоқ сөздерi қабыса байланыс қан етістіктi сөз тip-
кeстepiн құрап отыр. 
Тiл-тiлдерде етістіктep негiзгi жəне көмекшi түрлерге бөлi-
ніп, олардың тipкecкeн тобы күрделi етістік жасала ды деп көр-
сетiлсе, ендi олардың, яғни көмекшi етістіктердің (немесе таза 
күрделi етістіктердің сөйлем iшiнде) басқа да сөз таптарымен 
тiркесiп («-де» көмекшi eтicтiгi) сөйлемнiң iшiнде сөз тipкeciнің 
күрделi сыңары бола алады екен. 
Жалпы күрделi eтicтік формалары сөйлемнiң соңын да жəне 
ортасында келiп, күрделi сыңар құрауы талас тудырмаса керек. 
Ал көмекшi сөздер есiмше, көсемше немесе олардың септелген 
түрлерiнiң сөйлем iшiнде басқа сөздермен тiркесiп келiп, бiр-ақ 
бүтiн болып жұмсалуы етістік туралы арнайы зерттеген немесе 
оқулықтар жазған авторларда онша елене бермейді.
Профессор А. Ысқақов есімше, көсемшелер туралы айта 
келіп, оның құрылымдық түріне назар аудармайды, екіншіден, 
көмекші етістіктер арқылы сөйлем ішінде жасалған топтар тіпті 
ескерілмейді де [65]. Көмекші етістіктер туралы арнайы еңбек 
жазған доцент И. Маманов та көмекші етістіктердің тек сөйлем 
соңында келуін сөз етеді де тек бір-ақ жерде Осы істің бəрін 
Исахметтің өзі істеген екендігі колхозшыларға түсінікті бол-
ды, танитын екендігіңді білейін, оның аты-жөні кім? («Ал-
дар Көсе») – деген сөйлемдердегі өзі істеген екендігі бастауыш, 


65
Күрделі сөз тіркестері
танитын екендігіңді дегенді толықтауыш деп қана көрсе-
теді [64, 22].
Академик Н. Сауранбаев жоғарыда айтылғандай 
есімшелердің күрделенуін, оның яғни есімше, көсемше сөздің 
алдына келіп, толықтауыш қызметінде арнайы жұмсала алмай, 
сол бірлікте жұмсалуын ғана оның күрделенуі деп біледі. Бірақ 
автор таза көсемшелердің өзара күрделі жұмсалуын алғаш көр-
сетуші деп білуіміз керек [61, 52].
Профессор М. Балақаев – көсемшелердің сөз тіркесін құрау-
дағы ерекшеліктерін синтаксистік жағынан алғаш зерттеуші ға-
лымымыз.
Бірақ автор: «Батальон командирі бізге қайт деп əмір ет-
ті» (Ғ. Мүсірепов), – деген сөйлемдегі қайт деп дегендегі қайт 
етістігі арқылы сөз тіркесінің күрделі бағыныңқы сыңарын 
құрайтындығын көрсетеді де, одан басқа көмекші етістіктер 
туралы сөз болмайды [53, 65].
Ə. Əбілқаевтың «Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз [66]
жəне «де» етістігінің мағыналары мен қызметі» [67] атты ең-
бегінде де етістігінің төл сөзден басқа да сөйлемдегі сөз 
тіркесіндегі қолданылуынан туған алуан түрлі мағыналары ту-
ралы айтылған. Атап айтқанда, автор бұл еңбегінде де етіс-
тігінің басқа етістіктерден басты-басты ерекшеліктерін, кейбір 
күрделі формаларының лексика-грамматикалық мағыналарын, 
де етістігіне байланысты тұрақты сөз тіркестерін айқындаған. 
Автор де етістігінің морфологиялық жағымен бірге, синтаксистік 
ерекшеліктерін, яғни сөз тіркестеріндегі өзіндік ерекшеліктерін 
айтумен шектелген.
Автор де етістігінің есімше, көсемше формаларын əрі есім-
мен де, етістікпен де тіркесте жұмсалуын көрсетеді. Бірақ де 
етістігінің есімдермен тіркесінің тек кейбір түрлеріне ғана жал-
пылама шолу жасалып, оның мағыналық жағы ғана айтылады 
да, олардың ерекшеліктері сөз болмайды. Синтакасистік қыз-
меті жағынан тек толықтауыш болуын ғана ескертеді. Автор де 
көмекші етістігінің басқа сөздермен өзара түйдекті топ құрау 
кезінде енді ол екеуінің басыңқы сыңарларының қай сөз табы 
болатынын, яғни сөз тіркесін құрауын ескермейді.
Қорыта келгенде, көмекші етістіктер морфологиялық жағы-
нан өте өзгерімпаз. Сондықтан да олар көптеген сөздермен тір-


66
Күрделі сөз тіркестері
кесіп, ондай сөздердің синтаксистік қызметі мен байланысу 
формаларын өзіне бағындырып отырады. Бұл жағынан келгенде 
көмекші етістіктердің рөлі күшті. Олар өзі тіркескен сөздермен 
есімді, етістікті сөз тіркестерде күрделі бағыныңқы сыңар ре-
тінде жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет