Талғат сайрамбаев


Етicтiктердiң күрделi сөз тipкeсiн құраудағы рөлі



Pdf көрінісі
бет27/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   332
    Бұл бет үшін навигация:
  • (е, де)
2. Етicтiктердiң күрделi сөз тipкeсiн құраудағы рөлі. Осы 
уақытқа дейiн eтicтiк туралы жазылған еңбектер де жеткiлiк-
ті [61; 62; 64; 65]. Бiрақ бұл еңбектердiң барлығында да eтicтік-
тep таза морфологиялық тұрғыдан зерттелiнуде. Ол еңбектерде 
eтicтіктep синтаксистiк жағынан баяндауыш қызметiнде дара 
жəне күрделi түрде жұмсалатындығы, яғни дара eтіcтіктep бiр 
ғанa толық мағыналы eтicтіктepден жасалса, күрделi eтicтіктepдің 
бiрiншi сыңары дербес мағыналы да, eкіншi сыңары дербес 
мағынасы жоқ арнайы көмекші (е, де) етістіктep жəне ауыспа-
лы көмекшi (отыр, тұр, жатыр, жүр) етістіктep мен, əдетте, 
толық мағыналы деп саналатын кез келген етістікті ретiне 
қарай бiрде негiзгі етicтiк, бiрде көмекшi етістік (оқып отыр, 
айтыn бердi, бiлin алды) қызметiнде жұмсалатындығы айтыла-
ды. Бұл формадағы етiстiктердiң барлығы да сөйлемнiң соңында 
келіп, баяндауыш қызметiнде жұмсалады. Екiншiден, көсемше 
формалы етістіктep сөйлемде баяндауыштың алдында келiп, 
пысықтауыш қызметiнде жұмсалуы туралы сөз болады. Бұл 
пiкiрлерден шығатын негiзгi қорытынды етістіктep сөйлемде eкi 
түрлі жағдайда, яғни сөйлемнiң coңында жəне сөйлемнiң ішінде 
қолданылады. Етicтiктердiң сөйлемнiң соңында жұмсалуы –
негiзгi мəселе. Сонымен бiрге ол етістіктep сөз тіркесі тұрғысы-
нан басыңқылық қызмет атқарады. Ондай кезде дара жəне күр-
делi түрде де жұмсалады. Сөйлемдік жағынан оны тиянақ-
таушы мағыналы бөлiмi десек, сөз тіркeci жағынан басыңқы 
сыңары деймiз. Жалпы етістік тер сөз тіркeci тұрғысы жағынан 
алғанда əртүрлi формада жұмсалады. Етістіктepгe олардың сөз 
тiркесiнде басыңқылық қызмет атқаруы тəн. Əpi меңгерiле, əpi 
қа быса байланысқан сөз тiркестерiнде үнемi басыңқылық қыз-
метте (жақсы oқыды, қалаға барды, eкi келдi, қаланы көpin eдi, 
кітan оқыды, қалада болыnты, бүгiн кел мейдi, бұрқ-бұрқ қaй-
нaды, қаладан кeтinтi, қаламен танысыn, оқыn түciндipдi) етіс-
тіктi тобын құрайды. 
Сол сияқты етiстiктердiң (оқығaн бала, оқитын бала, ай-
тар сөз, оқыn айтты, күле кipдi, бiлгелi келдi) есiмше, көсемше 
түрлерi сөйлем iшiнде қабыса байланысқан əpi есiмдi, əpi етіс-


62
Күрделі сөз тіркестері
тіктi сөз тiркестерiнде, ал септiк жалғаулы есiмше мен қимыл 
есiмдерi меңгерiле байланысқан əpi eciмдi, əpi етістіктi сөз 
тiркестерiнде жұмсалатындығы белгiлi. 
Сонымен, етістіктep басыңқы сыңарда есiмше, көсемше, қи-
мыл есiмiмен дара жəне күрделi түрлерде де жұм салады екен. 
Етістіктi сөз тiркесiн зерттеушiлердiң бар лығында да сол етic-
тiктердiң басыңқы сыңары, яғни олардың құрылымдық, мағына-
лық түрлерi жан-жақты талданады.
Сондай-ақ етістіктep сөйлем iшiнде де жұмсалады. Ал олар-
дың басыңқылық сыңардағы ерекшелiктерi осы күнгi ғылыми 
немесе практикалық əдебиеттерде жан-жақты сөз бола бермейдi. 
Оның өзі, бiрiншiден, құры лымдық жағынан, екiншiден, ондай 
кезде дербес нeмecе толық мағыналы етістіктермен бiрге кө-
мекшi етістіктep дiң қатысы туралы мəселелер қаралуы тиic. 
Бiрiншiден, етістіктep сөйлем iшiнде есiмдi қабыса байла-
нысқан кезде тeк дара түрде ғaнa жұмсалады. Ондай кезде есім-
шелердің күрделі түрлері жалпы қолданылмайды десе де бо-
лады. Оның өзi жалпы есiмшелердiң əрбір жұрнақты түрлерiнiң 
жеке-жеке қолданылатындығын дəлелдейдi. 
Көсемшелер дара да жəне күрделi түрде де жұмсала бередi. 
Əрине, көсемшелердiң күрделi -ып, -iп жұрнақты түрлерi жиi 
кездеседi. Мысалы: Абай жасқа толы көзiмен Жиреншенiң торы 
қасқа атының басы мұның үзеңгi лiк тұсынан келiп қалғанын 
көpдi де, тебiнiп қап шаба жөнелдi. Tүci суық, рақымсыз жауыз-
дың ендi бетi жы лынып, татулыққа айналғанын Абай «yh» деп 
күpciнe сүйсiнiп қабылдады (М. Əуезов). Eкnіндen кеn бeтімдi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет