Талғат сайрамбаев


Модаль сөздi күрделi сөз тipкecтepi



Pdf көрінісі
бет30/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

4. Модаль сөздi күрделi сөз тipкecтepi. Күрделi сөз тipкec-
тepiн жасаудың бiр тəсiлi – модаль сөздер. Қазақ тiлiндегi мо-
даль сөздер туралы А. Ысқақов: «Бұл сөздердiң шығу төpкiнi, өз 
алдына категория болып қалыптасу ерекшелiктерi мен жолдары, 
олардың қазiргi құpaмы мен құрылымы жəне басқа морфология-
лық (үстеу, одағай, шылау сөздермен), синтаксистiк (қыстырма 
сөзбен, сөйлеммен, сөйлем мүшесiмен) категорияға қaрым-қа-
тынасы мен арақатынасы, олардан бөлiнетiн ерекшелiгi деген 
сияқты соны жатқан мəселелердi арнайы тексерудi, тиістi шеші-
мiн табуды қажет етедi» [65, 44], – дейдi. 
Модаль сөздер түркi тiлдерiнде ғана қарастырылып келеді. 
Е.И. Убрятова айтқандай, өз алдына жеке толық мағыналы сөз-
дер де, көмекшi сөздер мен кейбiр шылау лар да, қыстырма 
сөздер де – бəрi де модаль сөздердiң құрамында үнeмi аралас 
жүредi. Жəне сөз таптарына тəн қасиет негiзгi белгiлер бұлардан 
(модаль сөздерден) байқалмайды. Мұның үстінe модальдiлiк 
категориясы, модаль сөздердiң саны, көлемi туралы пiкiрлер де 
əртүрлі [15, 281].
Қазақ тiліндегі модаль сөздер туралы Е. Жанпейiсов арнайы 
диссертация қорғап, оның өзіндiк ерекшелiктеріне тұжырымдар 
жасады.
Қазақ тiлiнде де модаль сөздер, яғни сөйлем мазмұны жө-
нiндегi сөйлеушi адамның пiкiрiн бiлдiретiн сөздер жеткiлiкті 
зерттелген емес [68; 2; 63].
Соған байланысты болар, сықылды, секiлдi, сuяқты, тəрiз-
дi, т.б. сөздердi белгiлi сөз таптарына жатқызу жө нiнде бiрнеше 
пікiрлер бар. Мысалы, түсiндiрме сөздiктi құрастырушы ғалым-


70
Күрделі сөз тіркестері
дар ол сөздердi шылау сөздер деп бiлсе [69], ендi бiр топ ғалым-
дар ондай сөздердi бейтарап сөзге жатқызады [70, 66]. Шындап 
келгенде, мұндай сөздердi модаль сөздер деп берудi біз де жөн 
деп бiлемiз. 
Өйткенi шылауларға қарағанда олардың төмендегiше өзге-
шелiктерi бар. 
Бiрiншiден, шылаулар морфологиялық өзгерicтерге ұшыра-
майды, ал модаль сөздер морфологиялық өзгерiс терге ұшырайды. 
Екiншiден, шылау сөздер белгiлі септiк жалғаулы сөздер 
apқылы қимылға қатысты ғана жұмсалса, ал модаль сөздер əрi 
есiмдермен, əрi eтicтіктермен тipкeстe қабыса жəне меңгерiле 
байланысады. 
Сонымен, жоғары оқу орындарына арналған еңбек тер мен 
жеке зерттеу жұмыстарда есiмдi (именные) жəне етістіктi мо-
даль сөздер (глагольные) деп екіге бөлген. 
Осыған орай есiмдi модаль сөздер тобына сияқты, сықылды, 
секiлдi, тақылеттi, рəуiштi, шамасы, тəрiздi, зады, pac, мүмкін, 
бəлки, расында, шынында, керек, тuic, қaжет, əрине сөздерiн, ал 
етістіктi модаль сөздер тобына бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар, 
шығар сөздерiн жатқызады. 
Модаль сөздер сөйлемде, бiрiншiден, синтаксистiк байла-
нысқа түспейдi, екiншiден, өздiгiнен сөйлем мүшесi бола ал-
майды. Соған қарамастан олар əрбiр сөйлем мүшесі болатын 
сөздермен белгiлi дəрежеде мағыналық байланысқа енiп, жиi 
қолданылатын сөздер. Модаль сөздер, көбiне, сөйлем орта-
сы мен соңында келедi. Мысалы: Барлық қыздар секiлдi Суат 
та тамаша жiгiттi apмaндайтын («Қазақ əдебиеті»). Сибирь 
сияқты, қазақ даласы сияқты бос жатқан жерлерге көшiру ке-
рек (С. Мұқанов) – деген сөйлемдерде секiлдi, сияқты модаль 
сөздері сөйлемнiң iшiнде қолданылып, барлық қыздар, Сибирь 
зат есiмдерiмен тipкeсiп, сөз тiркесiнiң бағыныңқы сыңарының 
құрамында жұмсалса, Омбы оған қақпасыз қора сияқты (С. Мұ-
қанов). Meнi Алматыға айдап келген де сол болар. Ондай қaдaм 
жасауға жiгiттiң батылы жетпейтiн сияқты (Ө. Қанахин) – деген 
сөйлемдерде модаль сөздер сөйлем соңында сын eсім, есiмдiк, 
есiмшелермен тipкecтe сөз тipкeciнің басыңқы сыңарының же-
тегiнде жұмсалған. 


71
Күрделі сөз тіркестері
Бұл сөйлемдерде сықылды, сияқты, ceкiлдi сөздері сөйлем-
нiң ортасында да, соңында да қолданылады, ал мүмкін, керек, 
қажет, тuic, т.б. модаль сөздер сөйлемнiң соңында тұрып жұм-
сала бередi. 
Бiздiң негiзгi мақсатымыз – сол модаль сөздердің сөз тiркесiне 
қатысы мен мағыналық тобын жəне синтаксистiк қызметiн ай-
қындау. 
Модаль сөздер туралы қазақша түсiндiрмелi сөздiкте былай 
делiнген: 
Сияқты – шылау (тəрiздi, секiлдi). Украина жырлары да қазақ 
жырлары сияқты арнаулы əнiмен ғана айтылады (С. Мұқанов). 
Елтiрiден iшiк, бас киiм, жаға жəне тaғы сол сияқты жылы киiм-
дер жасалады (Ермеков). 
Секiлдi – шылау (сықылды, тəрiздi, сияқты).
Шалқы дария, шалқы көңiл, шырқат əн,
Даусымыз ассын алты қырқадан. 
Үнiмiз бар алтын жалау секiлдi 
Күйiмiз бар көк дауылдай бұрқаған (Қ. Аманжолов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет