85
Күрделі сөз тіркестері
Зат есiмдi күрделi сөз тipкeстepi
Қабыса байланысатын сөз тiркестерiнiң
жиi қолданы латын
бiр түpi – зат eciмнен құралатын тipкecтep. Екi зат eciм атау
күйiнде қабыса байланысып, сөз тipкeciн құрау үшiн алдыңғысы
соңғысына бағынып тұрады.
Зат есiмдерден құралған күрделi сөз тipкecтepi мынадай
мағыналық қатынаста жұмсалады:
1)
Заттың неден, қандай заттан жасалғанын бiлдiредi.
2) Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады.
3) Бiр затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады.
4) Бiр зат екiншi затты мекенiне қарай анықтайды.
5) Заттың өлшемдiк мағынасын бередi.
6) Кəсiп-дəреженi бiлдiредi.
7) Адамның жынысын бiлдiредi.
8) Даралау мағынасында жұмсалады.
Əрине, бұл мағыналық топ eкi зат есiмнiң тipкeci арқылы
ғана пайда болады. Жалпы зат есiмдi сөз тipкecтepі құрылысына
қарай дара да, күрделі де болады десек, осы уақытқа дейiнгi еңбек-
терде, көбiне, дара түpiн ғана айту бacым болып отыр.
Зaт eciм морфологиялық жағынан мол зерттелгенiмен, син-
таксистiк,
оның iшiнде, сөз тiркесiнде тек басыңқы ның қызме-
тi жағынан сөз болады да, бағыныңқы сыңар да жұмсалуы онша
айтыла бермейдi.
Жалпы, осы күнгi түpкi тiлдерiнде,
қазақ тiлi еңбек терiнде
зат есiмдердiң синтаксистiк қызметi деген бөлi мiнде eкi зат
eciм тiркесiп, алдыңғысы соңғысына анық тауыштық қызметте
жұмсалады деп, олардың сөйлем iшiндегi мүшелiк қызметi
ғана
айтылғаны болмаса, сөз тipкeci тұрғысынан арнайы сөз
болған емес. Жалпы түркi тiлдерiндегi еңбектерде де бұл мəселе
Н.К. Кононов, Н.К Дмитриев, Н.А. Баскаков еңбектерiнде де
тек eкi зат eciм тipкeci бар деумен ғана шектелсе, С.С.
Май зель
«Изафет в турецком языке» деген үлкен еңбегiнде изафеттiң үш
түрлi жасалу жолын айта келiп, сол изафеттiң бiр түpi жалғау-
сыз зат есiмдердiң тipкeci туралы арнайы мəселе қозғап, оның
көптеген заңдылықтарын алғаш сөз етушi болып табылады [87].