602
Қазіргі қазақ тілі
құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді.
Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай
тұлғадағы үстеуге айналған сөздер көбінесе етістіктермен тіркесте
жұмсалады.
Туынды үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері əртүрлі
а н ы қ т а у ы ш т ы қ - п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ
қ а т ы н а с т а р д а
жұмсалады:
-ша//-ше қосымшалы үстеулермен (
биылша, бүгінше,
қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың əртүрлі
мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе
қимыл етістіктерімен тіркеседі:
биылша барма, бүгінше тоқтай
тұр, əзірше жүрмеймін, ізінше кейін қайт, артынша қарадым.
Қабашбай,
ізінше қалаға тарт (Ғ.Сланов).
Бүгінше демал,
ертең Қызылжарға аттанатын бол! (Ж.Тілеков).
Бүгінше жат-
Достарыңызбен бөлісу: