Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет299/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр 
(М.Əуезов). Қолдан келер жəрдемді көрсеттік (Ғ.Мүсірепов).
Есімшелер зат есімдермен ғана емес, олардың орнына жұм-
салатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген 
біреу, оқыған жас, кербезденген сұлу, тайсалмайтын батыр, ба-
тылы бармайтын қорқақ.
Үйде сəлде киген біреу отыр (С.Көбеев). Оқуға ынталанбай-
тын жас бар ма қазір? (С.Мұқанов).
Көреген, сүзеген, қашаған, береген, жатаған тəрізді ертедегі 
біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын 
есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын 
есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көреген кісі, сүзеген 
сиыр, қашаған ат, береген қол, жатаған түйе.
§21. Есімдікті тіркестер
Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркес-
терінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – с і л т е у , 
с ұ р а у жəне ж и н а қ т а у есімдіктері. Олар зат есімдермен тірке-


584
Қазіргі қазақ тілі
сіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, 
ана тау, осы қала, қай аудан, қандай мəселе?
Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық 
мағыналары бірдей емес.
С і л т е у есімдіктері заттың айтушыға а л ы с - ж а қ ы н д ы қ 
б а ғ д а р ы н нұсқап, көрсетіп анықтайды:
Ол осы өзенді жағалап, Кремль жақтағы сонау көк мүйіске 
қарай серуендемекші еді-ау! (Ə.Əбішев). Бұл сонау Ұлытаудың 
қазағы Олжай дейтін (Ə.Əбішев). Бұл сөзді Сырбай қашан да 
кеудесін кере алған деммен айтып келеді (С.Мұқанов).
С ұ р а у есімдіктері ол құрамда заттың с ұ р а у л ы қ с а п а 
қатысын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп? қандай адам? 
қанша саулық?
Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері – қабыса бай-
ланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше 
жəне сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын 
сұрақтар.
Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын 
баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.
Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары 
қызметінде заттың ж и н а қ т а л ғ а н м ө л ш е р л і к сапасын біл-
діреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет