Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет312/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

шыбықтай бұраңдайды (Абай). Ол мені танымағандай бетіме 
қайта-қайта қарады (С.Шаймерденов). Қонақтың ұйқысы шай-
дай ашылды (Ғ.Мұстафин).
-сыз//-сіз тұлғалы үстеулер мен етістіктен құралған сөз 
тіркестері қимылдың, іс-əрекеттің əртүрлі а м а л ы н , к ү й і н 
білдіреді. Мысалы: орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею.
Василий Антонович еріксіз күліп жіберді (Ғ.Мұстафин). 
Кітапханалардың саны да үздіксіз көбейіп келеді («Қазақ 
əдебиеті»). Итбайдың жазықсыздан-жазықсыз Амантайды бір 
сабатқаны бар едіМынау Сырдария сияқты мол судың ауылдың 
тұсынан пайдасыз ағып жатуы өз денесінің қаны төгіліп жату-
дан кем батпайтын еді (С.Мұқанов). Кейбіреу жайдары, ашық 
боламын депорынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай).
§30. Еліктеуіш сөзді сөз тіркестер
Еліктеуіш сөздер – өзіндік ерекшеліктері бар сөз табының бірі. 
Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі 
етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамда қолданылады. Мы-
салы: (мылтық) тырс етті, (жарық) жылт етті, (арба) кілт 
тоқтады, (бала) жалт қарады.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде 
жұмсалатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мəнерлі түрде еліктеу 
тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш 
сөздері бар тіркестер қимыл-əрекеттің ш а п ш а ң д ы қ қ а р қ ы н ы н 
меңзейді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-
тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не істеу 


604
Қазіргі қазақ тілі
сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға 
тəн əрекеттің көріну амалын білдіреді. Олардың бұл мағыналары 
белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесте анық 
ұғынылады, етістіктердің мағыналарына қосақтаулы болады. Сон-
да да ондай тіркестердің құрамындағы еліктеуіш сөздер өздерінің 
лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның 
үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік топ құра алатын етістіктері 
белгілі ғана сөздер. Ол еліктеуіш сөздер бірнеше ғана болуы 
мүмкін. Мысалы: қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу, 
мырс-мырс күлу.
Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тəрізді адамның 
ішкі күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе 
қимылды немесе заттың əрекетін білдіретін салт етістіктермен 
тіркеседі. Мысалы: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс 
жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ-
бұрқ қайнау.
Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Үйдің 
қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың ды-
бысы анық естіліп түр. Жанат сылқ-сылқ күліп жіберді. Ах-
мет қарқ-қарқ күлді. Алма сақ-сақ күліп жіберді (Ғ.Мұстафин). 
Колхоздың қара сабалары гүмп-гүмп пісілді (Ғ.Мүсірепов). 
Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Ғ.Сланов).
Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне, 
мұндай еліктеуіш сөздердің əрқайсысы белгілі бір етістіктермен 
ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, 
кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, 
беру сөздерімен, қарс сөзі айырылу, жарылу етістіктерімен жəне 
морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен 
тіркесе алады.
Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі 
қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: 
кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыса-
лы, гүрс-гүрс, жалт-жалт).
Граната гүрс-гүрс жарылды (Ғ.Мүсірепов). Жанəбіл қарқ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет