Арқаға ұлық қаққанға (Абай) – деген өлеңде ол табыс
септігін меңгермей, салт етістік сияқтанып тұр.
Бірқатар етістіктің жетегіндегі барыс, шығыс септікті сөздер
табыс септігінің орнына жұмсалады. Мысалы, Ол акт жазам де-
генмен, не жазуға білмеді (С.Мұқанов) дегенді өзгертіп, Ол акт
жазам дегенмен, не жазарын білмеді деуге болады.
Сөйтіп, бір етістіктің меңгеретін сөзі бірде барыс, бірде шы-
ғыс, бірде табыс септікте болғанда, олардың мағыналары бар-
лық жағдайда да біріне-бірі пара-пар бола бермейді, ептеген
айырмашылықтары да болады.
Сол өзгешелікті ескеріп, табыс септігін меңгере алатын сабақты
етістіктер мен меңгере алмайтын салт етістіктердің біразын тізіп
байқайық:
615
Қазіргі қазақ тілі
Сабақты етістіктер:
а) Кісінің қимыл əрекетін білдіретін етістіктер: істеу, шабу,
қырқу, қазу, айдау, сызу, жазу, ату, арту, сою, бауыздау, салу,
түйреу, байлау, сабау, қозғау, т.б.
ə) Кісінің сезімін, қабылдау əрекетін білдіретін етістіктер: с езу,
сағыну, есіту, түсіну, ұмыту, ойлау, білу, иіскеу, тыңдау, т.б.
б) Хайуанаттың, жəндіктердің қимыл əрекетін білдіретін етіс-
тіктер: тебу, қабу, тістеу, шағу, шұқу, талау, сүзу, (ін) қазу, т.б.
в) Кісінің, жануарлардың қоректену əрекетін білдіретін етіс-
тіктер: шайнау, жұту, жалмау, ішу, жеу, сору, т.б.
Салт етістіктер:
а) Кісінің көңіл күйін білдіретін етістіктер: күлу, қуану, қайғы-
ру, шошу, сескену, жылау, зерігу, масаттану, жалыну, елегізу,
күйіну, қорлану, ауыру, ұйықтау, ыңқылдау, аһылау, үһілеу, есі-
неу, т.б.
ə) Жан-жануардың үндеу жəне қозғалыс күйін білдіретін етіс-
тіктер: ырылдау, маңырау, боздау, кісінеу, мөңіреу, сайрау, жор-
ғалау, ұшу, шулау, аяңдау, секіру, қарғу, құжынау, ызылдау, пы-
рылдау, тоқтау, т.б.
б) Адамның не басқа заттың қимыл күйін білдіретін етістік-
тер: кіру, шығу, түсу, жату, отыру, жүру, тұру, жету, келу, бару,
озу, талпыну, түшкіру, кекіру, қимылдау, қозғалу, домалау, т.б.
в) Кісінің, заттың сындық құбылыс күйін білдіретін етістіктер:
қызару, қараю, ағару, сарғаю, бозару, сұрлану, жасару, жақсару,
кішірею, ұзару, т.б.
Сабақты, салт етістіктердің негізгі топтарының бұл айыр-
машылықтарына қарағанда, түбір тұлғалы сабақты етістіктердің
көпшілігі кісінің еңбек процесімен, қимыл əрекетімен байла-
нысты етістіктер болады да, салт етістіктердің көпшілігі кісінің
көңіл күйін, кісінің жəне басқа заттардың үндеу, қозғалыс əреке-
тін білдіреді. Бірақ заттың қимылы, күйі деп отырған етістіктер
əр уақытта дəл жоғарыда көрсетілгендей белгілі затқа ғана тəн
болмайды. Олардың бəрі болмағанмен, бірқатары жансыз заттың
қимылы мен күйі болуы да мүмкін.
Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған
сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады:
табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтырады да, ол етістіктің
616
Қазіргі қазақ тілі
қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мысалы: ағашты кесу,
етті турау, қойды айдау, шегені суыру, терезені ашу, пішенді ору,
малды бауыздау, баланы тəрбиелеу.
Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті
бірдей емес; көбінесе ол құрамда айтылатын сөздер – зат есім-
дер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер жəне сапалық
есімдер. Бұлар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) н а қ т ы
о б ъ е к т і л і ; 2) а б с т р а к т і л е н г е н о б ъ е к т і л і .
Бірінші топқа қолға ұстап, көзбен көретіндей зат есімдер
қатысқан сөз тіркестері енеді. Ондағы есімдер мен етістіктер ба-
рынша мағыналық тығыз байланыста болады:
Мыңнан аса жылқыны үш-ақ адам бағып жүр. Игілік
Достарыңызбен бөлісу: |