606
Қазіргі қазақ тілі
бара жатып, сүрініп кетіп жығылып қала жаздап еді. Соңғы
мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған:
соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (
жығылып қала жаздап
еді), қалған үш топ əртүрлі пысықтауыш қызметінде айтылған:
1)
асығып оқу; 2)
оқып кетіп бара жатып сүріну; 3)
сүрініп кетіп
жығылу.
Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті
сөз тіркестерін құрауда ерекше икемділігі барлығын дəлелдейді.
Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын
құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында
не бағыныңқы, не басыңқы сыңар қызметінде жұмсала алады.
Мысал үшін мына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік:
қуып
жету, қуып жетіп озу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы
көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіп айтуға болады:
ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну.
Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен
мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы,
сөйлеу
етістігімен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана
тіркесе алады:
ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп
сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, қутыңдап сөйлеу,
күле сөйлеу, күліп сөйлеу, қылымси сөйлеу, назданып сөйлеу, біліп
сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, сас-
пай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу,
ентігіп сөйлеу, т.б.
Осы келтірілген мысалдардан көсемшелер мен етістіктерден
құралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады.
Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға
болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы,
ентіге жүгіру,
асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру – əбден табиғи
байланыстағы жарасымды тіркестер. Ал
жүгіру етістігімен
сызы-
лып, жүре көсемшелерін тіркестіру оғаш болар еді.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте
-
ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады
да,
-а//-е//-й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -
ғалы//-гелі,
Достарыңызбен бөлісу: