Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет49/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   332
-лы, -лі жұрнақты сын eciм де оған зат eciм қо сақталып жұмса-
лады. Мысалы, Əкесiне тартқан кесек денелi Нартай азырақ 
бөгеле бердi де, азғана жұқарақ та көгiлдiрлеу көpiнeтін Əлi-
шердi алға қарай итерiп қалды (Ғ. Мұстафин).


106
Күрделі сөз тіркестері
Мұндай кезде бағыныңқы сыңарлар сол түйдегiмен заттың 
неден icтелгендiгiн, ұқсатуын, т.б. қасиеттерiн бiлдiрiп, анықта-
уыштық қатынаста жұмсалады. 
ə) Негiзгi тipeк сөз -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe 
сын есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Хатшы арық, opaқ 
мұрынды, қapa көздi жiгiт (С. Ерубаев). 
Жақпар тастың астында – 
Қызыл тонды қыз жатыр (Қазақтың халық жұм бағы). Қалың 
қaсты, қара көздi, ат жақты келген арда гер ағамен хат-хабар алы-
сып, əңгiмелесiп жүргенiме бiр неше жыл болды (Т. Бейiсқұлов). 
б) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сан 
eciм қосақталып жұмсалады. Мысалы: Мың қаралы фашист жо-
йылып, төрт зеңбiрек олжаға түстi, бұлар сол мезетте-ақ дұшпан-
ға қарсы оқ жаудырды (Л.И. Брежнев). Асыл ананы бiрден мəң-
гiлiкке əкеткен сол бiр түйелi адам сияқты болады да тұрады 
əлi күнге дейiн (С. Жиренов).
в) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен eciм дiк 
арқылы жасалады. Мысалы: Дем алып отырған кезде Сағатбай 
неше қызғылықты əңгiмелер айтып бередi. Апа-ай, осы бiр ке-
селдi мiнез кiшi апамнан неге шыға бередi (М. Əуезов). 
г) Негiзгі сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейтпе-
лi шырайлы сын eciм арқылы жасалады. Мы салы: Ағалық етiп 
аңғырт басқан қадамына сөкпегенiне, оның тiптi мұқағыш əдетi-
нен бас тартып, сапары жөнiнде сөз қозғамағанына, аса шат 
нұрлы жүзбен қуанып кeттi (Х. Есенжанов). 
д) Бағыныңқы сыңарлы -лы, -лi жұрнақты тұрақты тipкec 
арқылы жасалады: Аз ауыл Ырғызбайдың кем қойса, басқа жи-
ырма атаның iшiнде айқыш-ұйқыш, iлiк шатыс қapғa тамырлы 
тұзақ шырмауығы жата ды (М. Əуезов). 
е) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейт-
кiш үстеу қатысты сын eciм арқылы жұмсалады: Оның қыстауы 
Тоқпамбет дейтiн қалың шалғынды, мол тоғайлы, eң бiр құйқалы 
қыстау едi (М. Əуезов). 
ж) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciм мен 
сан eсімдep арқылы жұмсалады. Мысалы: Бiр қора қойларың 
болса, бес-алты бұзаулы сиыр болса, сoн да да Əбдiкендердің бiр 
жылдық табысының үзеңгісінен де келмейдi (Х.Есенжанов). Ба-
тыс жақтан төрт-бес атты жолаушы келедi екен (М. Əуезов). 


107
Күрделі сөз тіркестері
з) -лы, -лi жұрнақты қосарлы сөздер арқылы жұмсалады: 
Үйелмелi-сүйелмелi қызыл қарын жас балалары көп момын 
шаруа – Қадишаның ата-анасы қазiр не күй де («Жұлдыз»). Орау-
лы-шымқаулы Гриша қатты ыстық тап, пысынап тынышы кете 
бастайды (А. Чехов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет