Талғат сайрамбаев


-лық (-лiк) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -лық



Pdf көрінісі
бет47/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   332
1. -лық (-лiк) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -лық 
(-лiк) жұрнақты қатыстық сын есiмдерi, негiзiнен, зат есiм, кей-
де есiмдiктен жасалады. Сондықтан да респуб лuкалық кeңeс, 
ауылшаруашылық машuна, партuялық мəселе, ауылдық совет, 
бестiк баға, жылдық жоспар, өздiк есiмдiк, мeндiк адам сияқты 
дара сөз тipкecтepi жасала бередi. 
Мұндайда, көбiне, зат есiмдерден қатыстық сын eciм жасау 
өте көп те, басқа сөз таптарынан сирек. Мұндай сөз тipкecтepi-
нің бағыныңқы сыңары қызметiнде -лық, (-лiк) жұрнақты сөздер 
дара түрiнде де жəне түрлi сөз дердi өздерiне анықтауыштық 
қабатқа ала отырып, күр делi түрде де жұмсала бередi. Əрине, 
олардың ондай күр делi түрде жұмсалуы анықтауышты сөздердi 
кepeк eтeтін бастапқы негiзгi зат eсiм болғандығынан деу кeрeк. 
Мы салы, Ол кезде қалада қазақ мұғалiмдерiнiң eкi айлық курсы 
жүрiп жатқан едi (С. Мұқанов) – дегендегi eкi айлық сияқты сөз 
тipкecінің бағыныңқы сыңары курс сөзiмен күрделi сөз тipкecін 
құрайды. Ал олар осындағы айлық, курс сөздерi тipкeciнің бағы-
ныңқы сыңарын құрай алмайды. Онда əлi де сөз тipкeciнің жеке 
сыңары қызметiн де жұмсалуына болатындай мағыналық, дара-
лық жоқ. Сол күйiнде өзi бүтiн есебiнде жұмсала алмайтын, əлi 
де болса бiр нəpceнi өзiне тели түсудi қажет eтетін сияқты. Үш, 
бiр сан есiмдерiнiң қосақтала жұмсалуы ғана осы тəрiздi тiркес-
тердiң бағыныңқы сыңарларының дербестiгін анықтайды да, сол 
тобымен сөз тipкeciнің толық сыңары қызметiнде жұмсала алады. 
Олай болса, кейде кейбiр сөздер қаншалықты дербес мағынасы 
бар дегенiмізбен, сол күйiнде өз алдына сөз тipкeciнің бiр сыңары 
қызметiнде жұмсала алмайды екен. Ондай сөздерге əлi де бiр 
сөздердiң қосақталуы қажет болып тұрады. -лық, (-лiк) жұр-
нақты сөздер өздерiне сондай сөздердi міндеттi түрде қосақ-
тауының негiзiнде күрделi сөз тipкесін жасайды. 
1. Мұндай жағдайда көп жұмсалатын сөз табы – сан eciм. 
Мысалы: Ертеңнен бастап сексен түйелiк керуен қолына келе-
дi (Д. Досжанов). Оған ерлiгi үшiн үш жауынгерлік орден бе-


104
Күрделі сөз тіркестері
рiлдi (Л.И. Брежнев). Биыл көше бойларына қырық мың түп 
ағаш, екі жүз мың бұтақ егiлiп, елу мың метрлiк газон жəне гүл 
аулалары жасалмақ («Социалистік Қазақстан»). Оcындағы сек-
сен түйелiк, үш жауынгерлiк, елу мың метрлiк сөз тipкecтepiнің 
күрделi сыңарлары сексен, үш, елу мың есептiк сан есiмдерi мен 
жауынгерлiк, түйелі, метрлiк қатыстық сын есiмдерiнiң түйдектi 
тipкec құрауы арқылы жасалған. 
а) Мұндай құранды сыңарда peттік сан есiмдерi қолданыла-
ды. Мысалы: Екiншi кластық мамандығы бар шофер. Сондықтан 
да шабуылдың бiрiнде 3-гвардuялық атқыштар бригадасы жауын-
герлерiнiң аузынан: «Бұлар жер астынан өнiп шығып жатыр ма» 
деген сөз шығып кeтeтiнiнe таңдануға болмайды (Л.И. Брежнев). 
Мұнда екiншi, сегізіншi peттiк сан есiмдерi кластық, гвардия-
лық қатыстық сын есiмдерiмен түйдектелiп жұмсалған. Кейде 
сан eciм мен қатыстық сын есiмдер сияқты тұрақты тiркестер 
сөз тіркесінің күрделi сыңарын құрайды. Мысалы: Хандығының 
көлемi жетi айшылық жол екен (Қазақ ертегiлерi). 
ə) Кейде ондай -лық (-лiк) жұрнақты сөздердің қосалқы сы-
ңары ретiнде шuрек, бiрер сөздерi де жұмсала алады. Мысалы, 
Бұлар сырттан келген адамдар түсіп жататын бiрер күндiк жолау-
шы түнеп шығатын мейманхана тəрiздi (З.Ақышев). 
2. Кейде -лық (-лiк) жұрнағы етiстіктерден де қатыстық сын 
eciмін жасайды. Мысалы, Майлыбаев екiншi рет келiп күдiк 
аларлық ештеңе таба алмады (Қ. Тоқаев) – дегенде алар eтicтiгi-
нeн -лық жұрнағы арқылы аларлық қатыстық сын eciмi жасалып, 
бiрақ ол өзi жеке-дара сөз тiркесінің жеке сыңары ретiнде жұмсала 
алмай, өзiне тағы да күдiк сөзiнiң қосақталуы арқылы сөз тірке-
сінің күрделi сыңарын құрап отыр. Бұғaн қapaғaндa, ондай құ-
paнды күрделi сөз тipкecтepiнің қосалқы сыңары ретiнде зат 
есiмдер де қолданылатындығын көруге болады. Мысалы: Самау-
рынның eciк жағына кiрлi майлық орамалды жайып салып жiбе-
рiп, үстi-басы далба-дұлба бiр жiгiт отыpa кeтті (Б. Майлин) – де-
генде қатыстық eciмi орамал сөзімен майлық орамал деген сөз 
тіркесін құрағанымен, кiрлi сөзi не майлық, не орамал сөзiмен 
тiкелей өзара сөз тipкeсiн құрай алмайды. Онда мағыналық 
үйлесiмдiлiк болмайды да. Сондықтан кiрлi сөзi мен майлық сөзi 
бiр лiкте, яғни сол түйдегiмен орамал сөзімен күрделі сөз тipкe-


105
Күрделі сөз тіркестері
ciн құрайды. Мұның өзi кейде қатыстық сын eciмi қатыстық 
сын eсiмiмeн бiрлiкте де сөз тіркeciнің бағыныңқы сыңарын құ-
райтындығын көрсетедi. Мұндай жұр нақты қатыстық сын есiм-
дерi көбiне зат есімдepдeн ғана жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет