111
Күрделі сөз тіркестері
тұлғада тұруына қарай олардың сөз тiркестерiнiң байланысу
формасына қатысы айқындалады. Соның iшiнде көмекшi eciм,
шылаулардың таза күйiнде ондай сөздермен eтістікті сөз тiркесiн
құраса;
-ғы, -гi арқылы жасалған сөз тipкecтeрi eciмдi сөз тipкe-
ciн құрайды. Сонда
-ғы, -гi жұрнақты көмекшi eciм, шылаулар
тipкeceтiн сөздердiң тұлғалық ерекшелiгiн өздерi билейдi де, сол
тобымен сөз тipкeciнің қатыстық сын eciмдi күрделi түpiн жа-
сайды.
Олай болса,
-ғы, -гi қaтысты сөздер де күрделi сөз тip-
кeсін жасаудың бiр тəсiлi деп бiлуiмiз керек.
Толық мағыналы сөздерден, яғни есiмдерден
-ғы, -гі жұр-
нағы арқылы қатыстық сын eciм жасалу негiзiнде оған қосақ-
талатын сөздер қатыстық сын eciмнің алдында орналасса, eндi
көмекшi eciмдi, шылаулы -
ғы, -гi жұрнақты
сөздер дербес ма-
ғынасы бар сөздерден соң орна ласады. Мысалы:
Жел жақтағы
саңылауларын найзаның ұшымен тығындап, өзiмен-өзі əуре
болып тұр (Ш. Усмaнов). Осы сөйлемде
жел зат eciмi мен
жақта
сөзiмен түйдектелiп, сол тобымен анықтауыштық қатынаста сөз
тipкeci құрап отыр. Өйткенi
жел сөзi
жақтағы сөзiне
ғaна
қатысты. Олай болса,
осы сияқты формалы -ғы, -гi жұрнақты
eciм мен шылаулар өзiнен бұрынғы сөздiң қандай тұлғада тұ-
руына байланыссыз өздерiнiң формасын игеpeдi.
1. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық жəне жасырын түpiн-
дeгi зат eciмi болады да, екiншi сыңары
-ғы, -гі жұнақты көмекшi
eciм арқылы жасалады. Мысалы: Əлдеқайда
көл бетiндегi құс-
тардың да ықыл-шықыл үндері өмip думанына бөленгендей көл
қауымы өз тiлiмен үн қатысады (С. Бердіқұлов). Шағын
базар-
дың iшiндегi үш қaтaр бөрененің шеткi, ұсақ-түйек, тeмip-
терсек сататын бөлегінде отырған
(«Жалын»).
2. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық не жacырын түрiндегi
есiмдiк
қосалқы сыңар -ғы, -гi жұрнақты көмекшi есiм арқылы
жұмсалады. Мысалы: Meнің өз басым
осылардың арасындағы
тартысқа сенбеймiн («Қазақ əдeбиетi»).
Менің астымдағы жирен
ат қырдың киiгiнше сырғиды (С. Сарғасқаев.).
3. Негiзгi сөзi көмекшi eciм немесе iлiк жалғаулы зат есім-
нен көмекшi eciм болады да оған қосақталған
-ғы, -гі жұрнақты
көмекшi eciм арқылы жұмсалады. Мысалы:
Ауылдың apғы тұ-
сындағы биiк дөңнiң үстiнен жөңкiліп сағым ағып жатыр (С. Мұ-
қанов).
112
Күрделі сөз тіркестері
4. Шылаулар да кейде
-ғы, -гi жұрнағын қабылдап, өзi қатыс-
ты сөздiң анықтауыш қызметiнде жұмсалуын қажет eтeдi. Ондай
шылаулы сөздiң негiзгi сөзi септiк жалғауындағы (көбiне барыс)
есiмдiк, зат есiм, есiмше, үстеу, т.б. сөздер болады. Мысалы:
Құсты
арал саяхаты менің сол күнге дейiнгi өмiрiмде жаз салта-
натын бiрiншi рет тойлаған ең елеулi бiр белесiм едi (Ə. Сəр-
сенбаев). Ағаш тан түрлi
ойыншық жасағанға дейiнгi менiң өмi-
рiм өз алдына бiр хикая едi («Жалын»). Мəселен, Бұрын əл- Фа-
раби тек жалпы математикамен
өзiне дейінгi ұлы ма тематиктер
еңбегiн түсiндiрумен шұғылданды деп айты латын («Қазақ əде-
биетi»).
Кешке дейiнгi epмeгi осы («Жұлдыз»).
Сырға ауғанға
дейінгi мeкeнi – Аманқарағай iшiндегi Əуменкөлде (С. Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: